ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ӨНЕР МЕН МӘДЕНИЕТКЕ МӘН БЕРГЕН АУЫЛДАР

09:53, 6 қараша 2019

Балаларын балабақшадан бастап өнерге баулитын, жастары ауылдық клубқа мүше боп, үлкен сахнаға театр үйірмесі жол салған елді мекендер бар бізде. Әйтеке би ауданының халқы өнер мен мәдениетті дамытуға ерекше ден қойған. Мұның бір дәлелі Ақкөлдегі ауыл клубы және Қарабұтақ музейі. 
Қарабұтақ музейі еліміз тәуіелсіздік алып, өшкеніміз жанып, өткеніміз оралған тұста 1993 жылы ашылды. Сол кеезңнің қиындығына қарамай тарихи тұлға Әйтеке би бабаны ұлықтау мақсатында мұражай жинақталды. Қазір музей жаңа тарих, тарих, этнография және табиғат деп аталатын 4 бөлімнен тұрады, екі мыңнан астам экспонаты бар. Ауыл үстінен өткен жолаушылар да, мектеп оқушылар да осында жиі келеді.   Кеңес дәуірінде дүркіреп аты шыққан "Саржайлау" ансамблі аға ұрпақ өкілдерінің әлі есінде. Сол ансамбль Әйтеке би аудынының Ақкөл ауылында құрылған. Алыс ауылдың мәдениет ошағы болған орында қазір шағын клуб бар. Әлі де жетістігімен көпті қуантып келеді. Мұнда ауыл адамдарының бос уақытын өткізу үшін биллиард қойылған. Ал жастар үшін театр үйірмесі ашылып, тәлім алған шәкірттерінің алды Алматыдағы өнер академиясына оқуға түскен. Қазір Ақкөл клубында 7 үйірме бар. Ауылдың клубына мүше болу үшін ақкөлдіктер баланы алдымен бөбекжайдан бастап, өнерге баулиды. "Гауһар" балабақшасында бөбектер тақпақ жаттап, би билеп, ән салып үйренеді. Оны өздері дәлелдеп берді. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

11:48, 21 қараша 2019
Президент Ұлттық банк төрағасын қабылдады
Толығырақ...
САҚТАНДЫРУ СТАТУСЫҢЫЗДЫ АНЫҚТАДЫҢЫЗ БА?
19:58, 19 қараша 2019
САҚТАНДЫРУ СТАТУСЫҢЫЗДЫ АНЫҚТАДЫҢЫЗ БА?
Толығырақ...