ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ӨНЕРЛІ БАЛАЛАР ОЗДЫ

15:06, 29 қараша 2019

Балалар әлемді бейнелейді. Біріккен ұлттар ұйымының бас ассамблеясы ЮНЕСКО ұсынысымен осы жобаның жеңімпаздарын анықтады. Облыстан барлығы 700-ге жуық өнерлі баланың туындылары жіберілген. Оның тең жартысы қалалық көркемсурет лицейінен. Ойы ұшқыр, қолы шебер, болашағы жарқын 33 бала арнайы сертификатпен марапатталды.

Қалалық көркемсурет лицейі өнерлі балалардың қолынан шыққан картинаға толы. Бейбітшілік, жарқын болашақ, отбасы мен достар. Олар тақырыпқа шектеу қоймайды. Қиялы ұшқыр. Әр туындының астары терең. №2 орта мектебінің оқушысы Нұрай Әлтаева байқауға жолдаған шығармасын "Киіз басу" деп атады. Ұлттық нақыштағы туындысы "Балалар әлемді бейнелейді" халықаралық жобасында үздік шықты. Ол арнайы сертификатпен марапатталды.

Балалар әлемді бейнелейді жобасы 20 жыл бұрын қолға алынған. Жыл сайын осы атаумен альбом шығарылады. Мақсат - балалар шығармашылығын қолдау, өз елінің тарихына, мәдениеті мен дәстүріне дәріптеу. Алғашқы альбом әлем мәдениеті жылына арналды жәнеТұңғыш Президет Нұрсұлтан Назарбаевтың алғы сөзімен басталды. Биыл мерейтойға орай "Балалар әлемді бейнелейді. Қазақстан" екі томдығы жарыққа шықты.

Еліміз бойынша бұл байқауға 70 мыңнан астам жас суретшінің туындысы қатысты. Қалалық көркемсурет лицейінің 20 оқушысы Қазақстан. ал 13-і халықаралық марапатқа ие болды.

 

Жанар Датқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13:37, 9 желтоқсан 2019
НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА СОЧИНЕНИЙ ПО ПОСЛАНИЮ...
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...