ШҰҒЫЛ! ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ Толығырақ

Өнерлі өрендердің жеңісі

14:04, 14 қараша 2017

Үздік дәстүрлі әнші, термеші және күйші. Ақтөбедегі Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледж үшін биылғы жыл жетістікке толы болды. Оқушылары бірнеше халықаралық байқаулардың жүлдегері атанды. Арасында Облыс әкімінің "Жыл жұлдызы" сыйлығының иегері де бар.  

Қараша айының басында өткен  "Әлем талант stars"  халықаралық балалар мен жасөспірімдер байқау-фестивалінің екі бірдей жеңімпазы Ақтөбедегі музыкалық колледж оқушылары. Екі күнге созылған додаға еліміздің әр түпкірімен Ресейден келген барлығы 700-ге жуық үміткер қатысқан болатын. Көп ішінен көзге түскен Арайлым Меңдібаева бас жүлде, Ал, Арман Данағұлов бірінші орын алды. 

Ал, Алматыда өткен бірінші Халықаралық "Аманат - мюзик" конкурсында "Серпін" ансамблі бас жүлдеге ие болды.

Дәстүрлі әнші Серік Макуов та осы оқу колледж оқушысы. Ол танымал композитор, күйші Мұхит Мерәліұлының шығармасын орындап, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.  

Бұдан бөлек, Дәулет Жаншин, XXI ғасыр таланттары байқауының жеңімпазы атанса, Джанис Шаукембаева биыл облыс әкімінің "Жыл жұлдызы" сыйлығының иегері болды. Әрі Петропавлда өткен республикалық Дельфий ойындарының жеңімпазы атанды. Енді бұл өнерпаздардың барлығы да алдағы конкурстарға дайындық үстінде.

Райгүл Еншібай

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
14:25, 17 маусым 2018
АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ  ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ
20:05, 15 маусым 2018
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
14:25, 17 маусым 2018
АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ САЛАНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
19:42, 12 маусым 2018
ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ САЛАНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...