ШҰҒЫЛ! "Ақтөбе - құтты мекен" форумына әлемге танымал жерлестеріміз келеді Толығырақ

Өнерлі отбасымен сұхбат

15:45, 12 қыркүйек 2017

Ақтөбеде отбасы күніне арналған шаралар әлі жалғасып жатыр. С.Бәйішев атындағы кітапханада облысымыздың мәдениетін дамытуға үлес қосып жүрген өнерлі отбасы - Есмурзиндермен  кездесу өтті. Шараға студенттер мен оқушылар қатысты.

Бұл өнерлі де,  өнегелі Есмурзиндер отбасы.  4 баланы өсіріп отырған Нұржан мен Венера өмірде де өнерде де жұптары жазылмай келеді. Нұржан Қарғалы аудандық мәдениет үйін басқарады. Ал, Венера сол мекемеде қызмет етеді. Отағасы Нұржан өзінің мамандық таңдауда, жар таңдауда қателеспегенін айтады.

НҰРЖАН ЕСМУРЗИН, ҚАРҒАЛЫ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

- Өнер сахнасында жүргеннен кейін жарымды  сол өнерден болса екен деп тілейтінмін. кейін арманым орындалып, сол өнер саласындағы өзіме сай  Венераны кездестірдім. қазір бақыттымыз. Биыл отбасы құрғанымызға 18  жыл толады.

Нұржан мен Венера  Ақтөбе гуманитарлық колледжін тәмамдап, музыкалық білім алды. Кейін жоғарғы оқу орнына түсіп, бірнеше жыл бұрын халықтық "Есмурзиндер" отбасылық ансамблін құрды. Ансамбль құрамында ұл-қызы, бауырлары өнер көрсетеді. Есмурзиндер тек халықтық әндерді орындап қана қоймайды, поэзиялық өлеңдер оқып, түрлі  қойылымдардың  сценарилерін де жазады. Спортпен  шұғылданады. Өңірде мұндай өнерлі отбасылар қатары артып келеді. 

ГҮЛНАР СЕЙТАЛИНА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ҮЙІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ

- Облыс бойынша 125 халықтық  және үлгілі атақтары бар шығармашылық ұжым жұмыс істейді. Соның 15 -і халықтық атағы бар отбасы. Есмурзиндер сондай өнегелі отбасының бірі.

"Шаңырағым -шаттығым" аталатын кездесу  С.Бәйішев атындағы облыстық кітапханада өтті. Ұйымдастырушылардың айтуларынша, мұндай шара жалғасын табады. Олар алдағы уақытта  ауыл-ауылды аралап, шалғайда тұрып жатқан, өнегелі отбасыларды дәріптеуді көздейді.

АҚЕРКЕ ҚАЛДИЕВА, С.БАЙІШЕВ   АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП ҒЫЛЫМИ  КІТАПХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ

- Мақсатымыз-жастарға өнерлі отбасын тәрбиелілігін, балаларын насихаттау. Олардың өмірімен шығармашылығн таныстыру.

Шара кезінде көрермендерге өнерлі отбасының өмірі жайлы фото-слайдтары, отбасылық жетістіктері көрсетілді. Ән айтылды.  Ұлттық аспапты жанына серік етуді көздеген кішкентай Нұрқадір домбырамен күй шертті.

Әлия Орзазай, Арман Досмағанбетов

 

Тақырып бойынша материалдар

Шалғынбай Жолдасов: Тұтынатын тағамдарымызда химиялық қоспа көп
11:36, 20 қыркүйек 2017
Шалғынбай Жолдасов: Тұтынатын тағамдарымызда химиялық қоспа...
Толығырақ...
 "Қолғанат Ақтөбе" қоры  жұмсалған қаржы есебін берді
18:44, 19 қыркүйек 2017
"Қолғанат Ақтөбе" қоры жұмсалған қаржы есебін берді
Толығырақ...
Зираттар сенімгерлік басқаруға беріледі
17:29, 19 қыркүйек 2017
Зираттар сенімгерлік басқаруға беріледі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Көңіл көтеру орындарында 500-ден астам қылмыс тіркелген
18:44, 13 қыркүйек 2017
Көңіл көтеру орындарында 500-ден астам қылмыс тіркелген
Толығырақ...
Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілі үшін жасалған игі қадам
19:34, 14 қыркүйек 2017
Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілі үшін жасалған игі қадам
Толығырақ...
Қыздар арасында футболдан фестиваль өтті
16:45, 14 қыркүйек 2017
Қыздар арасында футболдан фестиваль өтті
Толығырақ...