ШҰҒЫЛ! ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ЖАҢАРТЫЛУДА Толығырақ

ӨНЕРПАЗДАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

18:40, 10 шілде 2018

Ақтөбелік өнерпаздар жүлдемен оралды. "Мұғалім" репетиторлық орталығының оқушылары Болгарияда өткен фестивальға қатысып, нәтижесінде үш алғашқы орын мен бас жүлдені иеленді. Оларды жақын-жуықтары мен жанкүйерлері Ташкент-Мәскеу пойызынан күтіп алды.

Ольга, Валерия мен Настья Болгарияда өткен "Теңіз таланттары" деп аталған жастар фестиваліне алғаш рет қатысты. Конкурста олар қазақ, орыс, украин және ағылшын тілдерінде ән шырқады. Дарынды қыздар әсіресе, қазақ тілінде ән айтқанда, болгарлар орнынан тұрып, ерекше қошемет көрсеткен.

ОЛЯ КУДЕЕВА, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРСТЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

- Болгарлар біздің өнерімізге тәнті болды. Әсіресе, "Ризамын" әнін орындаған кезде қол соқты. Олар үшін бұл ән ерекше болды. Кейін, көпшіліктің сұрауымен біз үш концерт бердік. Барлығына ұнады.

Қыздар вокалдан "Мұғалім" мектебінен сабақ алады. Оларға бір жылдан бері Татьяна Ушанова дәріс береді. "Талантты қыздар осы уақыттың ішінде меңгергендерін халықаралық фестивальда дәлелдеді" - дейді ұстазы.

ТАТЬЯНА УШАНОВА, ПЕДАГОГ 

- Мен шәкірттерімді ойлап, тақымымды қысып отырдым. Дегенмен, олар барын салып, өз таланттарын көрсетті. Үмітімді ақтап, жеңімпаз атанды. Мақтан тұтамын.

Валерия Лимишенко вокалмен екі жылдан бері айналысады. Ол конкурста қазақша және екі ағылшын әнін орындады. Қарсыластары да осал болмапты. Қатты қобалжығанымен, оның өнерін қазылар алқасы жоғары бағалаған.

ЮЛИЯ САВЧЕНКО, "МҰҒАЛІМ" МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

- Валерия бізге жақында келді. Әрі ағылшын тілін де үйреніп жүр. Ол "You and I" әнін шырқағанда, залдағы өзге қатысушылар қол соқты. Өзін-өзі ұстауы, даусы ойдағыдай болды. Кейін, сол әнді гала-концертте орындады.

Өнерлі қыздар мұнымен шектелмейді. Олар алдағы уақытта халықаралық додаларға қатысып, өз өнерімізді көрсетеміз деп отыр. Бұл жолғы фестиваль өнерпаздар үшін үлкен тәжірибе болды.

Жұлдыз Алмасқызы

Тақырып бойынша материалдар

WIPON АРҚЫЛЫ ЖАЛҒАН ӨНІМДІ  АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ
18:12, 25 қыркүйек 2018
WIPON АРҚЫЛЫ ЖАЛҒАН ӨНІМДІ АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ
Толығырақ...
АҚЫН МЫРЗАН КЕНЖЕБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ
18:08, 25 қыркүйек 2018
АҚЫН МЫРЗАН КЕНЖЕБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ТЕАТР МАУСЫМЫН АШТЫ
20:08, 21 қыркүйек 2018
"БІР ТҮП АЛМА АҒАШЫ" ТЕАТР МАУСЫМЫН АШТЫ
Толығырақ...
АҚТӨБЕДЕ "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
18:00, 21 қыркүйек 2018
АҚТӨБЕДЕ "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...