ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

ӨҢІР БАСШЫСЫ АРДАГЕРЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

20:38, 9 мамыр 2019

Өшпес ерлік ұрпақ жадында. Өңір басшысы Оңдасын Оразалин Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады. Майдангерлердің үйіне барды.Солардың бірі-92 жастағы Иван Курочкин. Соғыс жылдары Тынық мұхиты флотында әскери қызметте болған. "Жапониядағы жеңісі үшін", "2-дәрежелі Отан соғысы" орденінің иегері.  Кейін Оңдасын Оразалин 18 жасында соғысқа аттанған Абдолла Нұсқабайдың үйіне барды. Ленинградты жаудан азат етіп, 1ші Украина фронтында болды. Зеңбірікшілер ротасын басқарған. Абдулла Нұсқабай жеңісті Чехословакияда қарсы алғандығын айтады. Қарияның төсі орден мен медальға толы. Өңір басшысы 95 жастағы Өтеш Жалмағамбетовті де мерекесімен құттықтады. "Қызыл жұлдыз" орденінің иегері. Курск шайқасына қатысқан. Оның ерлігі-өнеге. Өтеш ақсақал алты баланың әкесі, 20 немере мен 40 шөберенің атасы.Облыс әкімі ардагерді мерекемен құттықтады, зор денсаулық тілеп,  арнайы сыйлық тапсырды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар