ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

ӨҢІР БАСШЫСЫ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АЛҒА АУДАНЫНДА БОЛДЫ

20:31, 6 қыркүйек 2019

Алға ауданында мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Жалпы өнім көлемі биыл 108 пайызды құрап отыр. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны да жыл санап артуда. Бүгін өңір басшысы Оңдасын Оразалин Алға ауданына жұмыс сапармен барды. Шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты. Бұл-Бестамақ ауылдық округінде орналасқан "Есбол" шаруа қожалығы. 2 жыл бұрын ашылған. Жылқы өсіру, мал бордақылаумен айналысады. Бүгінгі күні қожалық басшысы Сәкен Сүйеубаев 61 бас жылқыны бордақылап отыр. Болашақта жаңа технологияларға негіздеген жоспарлары бар. Бесқопа ауылында тәулігіне 600 литр сүт беретін, 70-тен астам сауын сиыр ұстайтын «Сығылай» шаруа қожалығы бар. 150 келі ірімшік, 350 литр айранды қожалық "Айс" серіктестігіне жөнелтіп отыр. Шаруа жем-шөп сақтайтын қойма салуды жоспарлайды.Облыс басшысы мемлекет тарапынан қолдау болатынын айтып, кәсіпкерге жер бөлуді тапсырды. Осы Бесқопада өңір басшысы 2015 жылы пайдалануға берілген ауыл мектебін көрді. Қазір мұнда 98 оқушы оқиды. Және балаларға арналған шағын орталық та бар. Айта кету керек, ауылға су да, газ да келіп тұр. Дегенмен, жаңа құрылыстарға су құбырын жүргізуде мәселе туындаған. Жобалық сметалық құжаты дайын болғанымен, жұмыстың бітуі 29 миллион теңге қаражат қажет етіп тұр. Оңдасын Оразалин сумен қамту мәселесін шешуді аудан басшылығына тапсырды. Бұдан соң, облыс басшысы Алға қаласында "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында салынып жатқан 60 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйдің құрылыс алаңында болды. Үй құрылысына облыстық бюджеттен 50 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Құрылыс қарқыны баяу. Оңдасын Оразалин мердігерге желтоқсан айында үй дайын болуы тиіс екендігін ескертті. Бұдан соң ол "Сементал" тұқымды сиыр өсірумен айналысатын "Аманбай" қожалығына барды. Шаруашылық Қарағаш селолық округінде орналасқан. 2014 жылы құрылған қожалықта қазір 337 бас сиыр бар. Тәулігіне 1000 литр сүт алып отыр. Ірі қараға сұраныс жоғары,-дейді шаруа. Ауа райының қандай жағдайына болса да төзімді, жем-шөп талғамайды, үнемі далада. Бұл түліктің басы үлкен, мойны жуан, денесі ірі келеді. Бұл - таза қанды Мұғалжар жылқылары. "Жан-Сая" шаруа қожалығына тиесілі.  637 жылқы бар. Ғалым-селекционер Серікбай Ырзабаев Ақтөбеде жылқы шаруашылығы палатасын құруды армандайды. Мұғалжар жылқыларының артықшылығы - суыққа төзімді. Салмағы 600 келіден асатыны да бар. Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Алматы мен Қостанай облыстарынан жылқының осы тұқымына сұраныс көп.

Тақырып бойынша материалдар

МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
21:37, 18 қыркүйек 2019
МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...