
Бүгін түс ауа үкімет басшысы Павлодар облысына барды. Асқар Мамин алдымен өндірісті аймақтағы индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында ашылып, ел экономикасына екпін беріп отырған ксәпіорындардың бірі «Нефтехим ЛТД» ЖШС. Кәсіпорын мұнай қалдықтарынан түрлі өнім шығарады. Бастапқыда дайын өнім шығару өндірісіне қажетті полипропилен түйіршектейтін.
СНХР БАУЫРЖАН ЫҚЫЛАСОВ ПОЛИМЕР ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІНІҢ БАСШЫСЫ
Қазіргі уақытта жұмсақ контейнерлер жасайтын өндірісті іске қостық. Негізінен бір рет қолданылатын биг-бэг қаптар шығарылады. Алдағы уақытта өнім шығару көлемін ұлғайтамыз. Биыл 1 млн.200 мың биг-бэг жасалса келесі жылы 2 млн.ға дейін жеткізбекпіз. Яғни, кәсіпорын толық қуатында жұмыс істейтін болады.