ШҰҒЫЛ! ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕ 2 АЙЛЫҚ НӘРЕСТЕДЕН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

21:02, 22 мамыр 2020

​Өңірде Ақтөбе қаласының 8 және Мәртөк ауданының бір тұрғынынан коронавирус инфекциясы анықталды. Олардың бесеуі бұған дейін індетке шалдыққан науқастармен жақын қарым-қатынаста болған. Біреуі жедел респираторлы вирустық инфекция белгісімен ауруханаға жатқызылған. Ал екеуі профилактикалық мақсатта тексерілген. Бір науқас өзі еркімен сынама тапсырып, анықталған. Жас ерекшелігіне келер болса, кішісі екі айлық нәресте, үлкені 56-да. Қазіргі уақытта бәрі жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланды.Науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекцияланды. Айта кетейік, облыста барлығы 242 адам вирус жұқтырса, 168 адам емделіп шықты. 

Тақырып бойынша материалдар

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Жақсылық» көркем фильмі көрсетіледі
09:19, 2 тамыз 2020
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Жақсылық» көркем фильмі кө...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар