ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ Толығырақ

ӨҢІРДЕ 40 БЛОК-БЕКЕТ ДАЙЫНДАЛДЫ

20:07, 26 наурыз 2020

 Өңірде сақтық шарасы күшейді. Қазіргі уақытта күре жолдар мен қала ішінде 40 блок-бекет дайын тұр. Бұл туралы облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Әлиев баспасөз отырысында мәлімдеді. Қауіпсіздік жұмыстары туралы тілшіміз Ерлан Мұқан тарқатады. Тез тарап жатқан вирустың алдын алу үшін облыстың транзиттік және ішкі жолдарында 40 блок - бекет дайындалды. Оның 28-і магистраліді, ал 12-сі шаһарға кіретін тасжолға қойылмақ. Бекетте сарбаздар, медицина қызметкерлері мен полицейлер тәулік бойы жұмыс істейді. Өңірге келген және территориядан шыққан адамдардың денсаулығын тексеріп, қадағалап отырады. Қазір Қызылорда және Қостанай обыстарымен шектесетін аумақта екі болк-бекеті жұмыс істеп тұр. Өзгесі тек карантин жарияланғанда жұмысын бастайды. 
Ал шаһар 23 секторға бөлінген. Вирус ошағы анықталған жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және барлық қажетті шараны қабылдауға көмектесетін әдіс осы. Төтенше жағдай кезінде тұрғындардың саулығы үшін бірқатар шектеулер жарияланды. Десе де ережеге бағынбай, табысын арттырмақ болған 24 мейрамхана мен демалыс орнының басшылары жауапқа тартылған. Еске сала кетейік, аймақта жедел штаб құрылған, оған тәуліктің кез келген уақытында қала тұрғындары хабарласа алады.
Қазір елімізде Алматы мен Нұр - Сұлтан қалалары карантинде. Індеттің ілмегіне іліккендер күн санап артып барады. Сондықтан теміржол, әуе және көлік қатынасы шектелді. Өңірде тек Ақтау қаласына ұшатын рейс жұмыс істеп тұр. Өзге өңірлерге баратын әуе қатынасы тоқтатылды. 
Аудан, ауыл тұрғындары да алаңдап отыр. Олар тікелей эфирде жолдағы қауіпсіздік жұмыстары туралы сұрады. Полицияның мәліметінше, егер ауру жұқтырғандар саны көбейсе, облыста құрылған жедел штаб шектеу қою шешімін шығарады. Бұл туралы алдын ала тұрғындарға хабар беріледі. 

Ерлан Мұқан

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕТІН БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРІЛДІ
22:25, 3 сәуір 2020
ЕЛ ЕҢСЕСІН КӨТЕРЕТІН БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРІЛДІ
Толығырақ...