ШҰҒЫЛ! БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ: 906-606 Толығырақ

ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ

15:36, 23 наурыз 2020

Ақтөбеде коронавирус жұқтырған бір адам тіркелді. Облыстық денсаулық сақтау басқарамасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, індетті жұқтырған әйел 22-ші наурыз күні Мәскеуден келген. Ұшақ бортында барлығы 58 жолаушы болды. Бірінен жұқпалы індет анықталған соң барлығы оқшауланды. Қазір ем қабылдап жатқан науқастың жағдайы бірқалыпты. 

НҰРСҰЛУ БЕРКІМБАЕВА 
ОБЛЫСТЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫН МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
 "Мәскеу-Ақтөбе" рейсімен келген жолаушылар санитар мамандардың бақылауынан өтті.  Індеттің таралу қаупі жоғары елден келгендер жедел оқшауланды. Ал 2-ші санаттағы елден келген  адамдар үй жағдайында карантинге жатқызылды. Тұрғылықты мекенжайы бойынша емхана қызметкерлері бақылап отырады. 
Қазір облыста 68 адам оқшауланды. Сонымен қатар 38 адам үйінде. Оларды дәрігерлер өз бақылауына алған. Карантиндегі ақтөбеліктерден қауіпті індеттің белгілері анықталған жоқ. Өңірдегі тұрақтылықты сақтау мақсатында адам көп жиналатын орындарға дене қызуын өлшейтін құралдар қойылды. Жергілдікті бюджеттен қосымша 20 тепловизор орнатылып жатыр. Сонымен қатар,  5000 экспресс тест бар. Залалсыздандыру жұмысы да тоқтаусыз жүруде. 
НҰРСҰЛУ БЕРКІМБАЕВА 
ОБЛЫСТЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМСЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
Дизенфекция жұмыстар кесте бойынша атқарылады. Жолаушылар тасымалына келер болсақ, автобустар мен аялдамаларды заласыздандыру жұмысы жүргізілуде. Ірі сауда орындарында 20-22 наурыз аралығында бақылау жүргізілді. Сатушылардың бетпердесіз, қолғапсыз жүргені анықталды. Супермаркет, гипермаркет иелеріне ескерту берілді. 
Шұғыл баспасөз мәслихатында облыстың бас дәрігер Әсет Қалиев тұрғындарды расталмаған мәліметтерге сенбеуге шақырды. 
Облыстан шығатын тас жолдар әзірге жабылмайды. Егер де  індет жұқтырғандардың саны күрт өссе, шұғыл штаб шешемімен қала карантинге алынуы мүмкін. 

Тақырып бойынша материалдар

БІР ТӘУЛІКТЕ 86 АДАМНАН КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ
19:11, 7 шілде 2020
БІР ТӘУЛІКТЕ 86 АДАМНАН КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
21:33, 1 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАР КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ДӘРІЛЕРМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...