ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

ӨҢІРДЕ ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ

21:38, 8 сәуір 2020

Өңірде  жергілікті өнім  бағалары тұрақты. Бүгін облыс әкімі  Оңдасын Оразалин Төтенше Жағдай кезінде Үкімет бекіткен әлеуметтік маңызы бар 19 өнімге яғни халыққа бірінші кезекті қажетті азық-түлік бағасын бақылау үшін қаладағы кәсіпорындарды аралады.
Аймақ басшысы алдымен  ұн және макарон өнімдері қорын тексерді. Жылына 110 мың тонна ұн, 7,2 мың тонна макарон өндіретін кәсіпорында жағдай тұрақты. Бұл серіктестікте өсімдік майының 13 түрін өндіреді. 40 000 тонна май шығарады. Ал,  Шұжық өңдеуші кәсіпорын   1300 тонна құс етін өндіруге қауқарлы.  Алдағы екі ай бойы облыс нарығын қамтуға мүмкіндіктері жетеді. Кәсіпорын басшылары облыс әкіміне өнім қымбаттамайтынына  уәде берді.
АНУАР САРҚҰЛОВ 
КОМПАНИЯ БАСШЫСЫ 
 шикі өнімдер, май, ет, шұжық өнімдері қорымызда жеткілікті.Бағасына келсек, үкімет тапсырмасына сай тұрақты ұстап отырмыз. 
Бұдан соң облыс әкімі көтерме базарына барды. Базар басшысы  азық-түліктің жеткілікті екенін айтты. Сауда орталығының қорында  400 тонна картоп, 130 тонна сәбіз, 180 тонна қырыққабат, 300 тонна жуа бар. Мұндағы сатушылар әр тауардың үстіне  көтерме бағадан 5-10 теңге  ғана  қояды. 
Етін цехындағы жағдай да тұрақты. Цех  жылына 4680 тонна консерві,1500 тонна шұжық, 300 тонна жартылай фабрикат даярлайды.  Мал сою алаңына аудандардан  50-ден астам мал сойылады.  Өніммен өңірді қамтиды. Ресейге экспорттайды.  Әкім одан соң,  сүтті қайта өңдеу зауытына барды. Серіктестік күніне 35 тонна сүт шығарады. Зауыт басшысы  наурыз айының басында бағада өзгеріс болғандығын жасырмады. Оған себеп, өнімдердің қорабы Ресейден алдырады. Көрші елде қорапты қымбатқа сатады.  Дегенмен, әлеуметтік маңызы бар өнімнің үш түрінде баға өзгермеген.
ҚУАНЫШ ЕЩАНОВ
КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫ 
Жалпы  сүт өнімдері, соның ішінде  2,5 пайыздық айран, сүт және 200 граммдық сүзбе бағасы сол қалыпты. Біз 2015 жылдан бері бағаны өсіргеніміз жоқ. Өнім құны тұрақты. 
Көкөністі  өндіріп,  сақтайтын қоймада да азық қоры мол.  Жылына 5000 тонна көкөніс сақтайды.  Сақтау орнының  көлемін таяуда 2 есеге ұлғайтпақ. Аймақ басшысы одан әрі наубайханаға барды.  күніне 11-15 тонна нан өнімдерін шығарушы цех Ақтөбе қаласы мен Қарғалы, Алға, Мәртөк, Қобда,Мұғалжар аудандарын қамтамасыз етеді. 1-ші сұрыптағы нанға деген тұрғындардың сұранысы жоғары, әрі дүкендерде баға 85 теңге.
Азық-түлік бағасын бақылаудағы мақсат  жергілікті тұрғындардың әлеуметтік азық-түліктен таршылық көрмеуін қамтамасыз ету, бағаның шарықтауына жол бермеу деді  облыс әкімі. Осы салаға жауапты орынбасары Аманғали Бердалинге  күнделікті қажетті өнімдердің бағасын үнемі қадағалап отыруды тапсырды. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар