ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

ӨҢІРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ ОҢАЛЫП КЕЛЕДІ

20:49, 2 сәуір 2019

Бес жылда барлық аудан орталықтары мен ірі елді мекендерде қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны болуы керек. Өңірге кәріз-тазарту қондырғылары да қажет. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында облыстың бас экологы мәлімдеді. {СЮЖЕТ}

Қоршаған орта тазалығын сақтау облыс орталығындағы өзекті проблеманың бірі.  2016-шы жылы қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға арналған шаралар жоспары бекітілді. Оң нәтежие бар. Мәселен, өткен жылы ауаға  бөлінетін зиянды қалдықтар 4,5 пайызға төмендеді. Десек те, атмосфераның ластану деректері тіркелген. Қаңтар айында  экологтар осындай екі жағдайды анықтады.

ЖАҚСЫҒАЛИ ИМАНҚҰЛОВ ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ

Ілеспе газды жағудан ауаға бөлінетін зиянды қалдықтардың мөлшерін төмендету бойынша шаралар да қолға алынды. Өңірдегі мұнай өндіретін ірі кәсіпорындар арнайы газпоршенді қондырғы орнатты. Облыс орталғының ауасын тазартуда бактерияларда пайдаланылуда. Әсіресе, спирт өндірісінде. Былтырдан бері «Ақбұлақ» АҚ-ы кәріз тазарту  қондырғыларына «ылғалды кедергі» жүйесін орнатты. Қаладағы барлық мекеме-кәсіпорындар тазарту жүйелерін қондырды. Ақтөбеде 3 кәріз станциясы  салынды. Соған қарамастан, қаланың кейбір аумақта жағымсыз иіс әлі де  азаяр емес.

ЖАҚСЫҒАЛИ ИМАНҚҰЛОВ ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ

Депаратамент тарапынан жүргізілген тексерулер нәтижесінде, 70 кәсіпорын жұмысын тоқтатты. 5 жыл ішінде облыстың барлық аудандары мен ірі елді мекендері санитарлық, экологиялық талаптарға жауап беретін қазіргі заманға сай полигондары болуы керек. Қазіргі күні Мәртөк, Қобда, Байғанин аудандарында полигон құрлысының жобалық-сметалық құжаттары дайын. Биыл Ойыл, Ырғыз бен  Әйтеке би аудандары жоспарда. Ал, Алға, Хромтау аудандарындағы кәріз тазарту ғимараттары мен лас суларды жинау алаңдары мүлдем жоқ немесе әбден ескірген. Экологтар бірінші кезекте тұрғындар саны көп және орталықтыандырылған су, кәріз жүйелері бар 3 ірі елді мкен Шалқар, Шұбарқұдық пен Бадамшада тазарту ғимараттарын салуды ұсынып отыр. Венера Серғазина, Арман Досмағамбетов.

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
20:49, 23 шілде 2019
АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
Толығырақ...
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
20:48, 23 шілде 2019
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар