ШҰҒЫЛ! ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ ӨЗІМІЗГЕ ЖЕТПЕЙДІ Толығырақ

ӨҢІРДІҢ ӨРІСІН КЕҢЕЙТКЕН ӨНДІРІСТЕР

17:54, 9 қазан 2019

Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту үшін елдімекендерде кәсіпорындар ашылып, өндірістер дамып келеді. Осының бір айғағы Әйтеке би ауданының аумағында асыл тұқымды мал шаруашылығын ашқан "Қонысбай" қожалығы. Бұдан бөлек, аудан тұрғындарына іргеде ашылған асфальт зауыты да жұмыс беріп отыр. Әйтеке би ауданының аумағынан асфальт зауыты биыл қаңтарда ашылды. Ал мамыр айында іске қосылып, бүгінгі күнге дейін 20 мың тонна асфальт шығарды. Мұнда бетоннан өзге асфаль қоспаларының барлық түрі өндіріледі. Қиыршық тас шығарады. Зауыт өнімі қазір Самара-Шымкент халықаралық тас жолының құрылысына жөнелтіліп жатыр. ауылішілік жолдарға да осы жерден асфальт алынады. Ал өндірісте қазір ауыл адамдары жұмыс істеп жүр.

ЖҰМАҒАЛИ ЖҰМАҒАЛИЕВ /УЧАСКЕ БАСШЫСЫ

- Қазіргі таңда біздің зауытта 110-нан астам адам жұмыс істейді. Оның ішінде сегіз адамды жергілікті тұрғындар қатарынан алып отырмыз. Зауытта олар арнаулы көліктерді жүргізеді. Операторлар, дәнеркерлеушілер бар. Зауыт сағатына 105 тонна асфальт шығарады.

Ал Ақкөл ауылының тұсында "Қонысбай" қожалығы мал шаруашылығымен айналысуға ниетті тұрғындарды жұмыспен қамтып отыр. 2006 жылы ашылған қожалық Мұғалжар тұқымды жылқы бағады. Ал қазір бір мың бас ірі қараға арналған бордақылау алыңы салынып жатыр. 60 миллион теңгеге жуық инвестиция салып, қожалық техникаларын жаңғыртқан. Бордақылау алаңы дайын болғанда ауыл тұрғындарын жұмысқа тартамын дейді қожалық басшысы. Ал Қарабұтақ ауылының іргесіндегі орман шаруашылығында сүмбіл терек, жұпаргүл өседі.  Сырттан әкелінген тал-теректің жерсінуі қиын. Дегенмен, талы сиреген орманды алқапқа жас көшеттерді жиі егеміз, дейді орман шаруашылығының басшысы Нұрлан Жұмашев.

Тақырып бойынша материалдар

АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
19:53, 22 қазан 2019
АЙЫППҰЛДАН ЖАЛТАРҒАНДАР КӨЛІКТЕРІНЕН АЙЫРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫСТАҒЫ ҮШ САЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
19:52, 22 қазан 2019
ОБЛЫСТАҒЫ ҮШ САЛАНЫҢ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ  ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:07, 18 қазан 2019
БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІ ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...