ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ӨҢІРГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ЗАҢ ШЕҢБЕРІНДЕ ТАРТЫЛАДЫ

21:36, 5 қыркүйек 2019

Мемелкет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына Жолдауын ақтөбеліктер апта басынан талқылауда. Күні кеше облыс активі бас қосқан жиында өңір басшысы Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен Жолдаудың мазмұн-мәні кеңінен талқыланды. Осы жиында ақтөбеліктерді толғандырған мәселелер де көтерілді. Қоғамдық ұйым өкілі Ізімғали Көбенов қытайлық инвесторлар өңірде өндіріс орындарын салатыны туралы мәліметке қатысты сұрақ қойды. Облыс басшылығы инвестициялық ахуалды жақсарту үшін тек қытай ғана емес, әртүрлі мемелкеттердің ұсыныстары қаралуда деді. Өндіріс салу заң шеңберінде және барлық талаптар ескерілген түрде ғана жүзеге асатынын түсіндірді. Осы мәселеге қатысты облыс әкімі Оңдасын Оразалин тұрғындарға кеңінен мәлімет беріп, түсіндіруді облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекеновке тапсырған болатын. Қайрат Бекеновтің айтуынша, Ақтөбе өңірінде іске асуы жоспарланған 5 инвестициялық жоба бары рас. Бірақ, инвесторлар ұсынған жобалар экономикалық және экологиялық тұрғыдан тиімзсіздігіне байланысты сараптамадан өтпеген. Сондықтан өнімділігі жоғары өзге жобаларға ауыстырылды, деп отыр облыс әкімінің орынбасары. Мәселен, осыған дейін "Нұр Ақтөбе" ауданында калий зауыты салынады деген жоспардан облыс билігі бас тартты. Оған себеп те жоқ емес. Сараптама нәтижесі мыңнан астам тұрғыны бар аумаққа зауыт салу тиімсіздігін көрсетті. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
18:40, 11 қараша 2019
10 ЖАСТАҒЫ АҚТӨБЕЛІК "АЛТЫН ОЙМАҚ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Толығырақ...
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
18:15, 13 қараша 2019
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ
Толығырақ...