ШҰҒЫЛ! МАЛ ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН 8 АДАМ ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР ХОККЕЙДЕН ЖАРЫСТЫ

16:19, 8 ақпан 2019

Ақтөбеде өрт сөндірушілер арасында хоккейден облыстық турнир өтуде. Бүгін жарыстың екінші күні. Мұз алаңында 20 команда бағын сынады. Барлығы 80 адам қатысып жатыр. Мақсат-салауатты өмір салтын насихаттау.

Өрт сөндірушілер мұз айдынында. Өжет жігіттер хоккейден жарысып жатыр. 3 күндік додаға қала мен аудандардан қатысушылар келген.Олардың жасы әртүрлі. 18 ден жоғары. Жасы 50 ден асқан мамандар да конькимен жүйіткіп жүр.

Бұл мамандық дене дайындығы нашар және ерік-жігері әлсіз адамды құп көрмейді, керісінше тез шешім қабылдауды, батыл да батыр, қағілез, төзімді, де тапыр болуды талап етеді. Құтқарушы білімді де білікті болуымен қатар, командада жұмыс істей біліп, табанды мінезге, тұрақты жүйке жүйесі мен мұқалмас қайратқа ие болуы керек. Мұндай жарыстар құтқарушылардың физикалық дайындығын шыңдайды.

Тәулік бойы кез келген апатты жағдайдың алдын алуға дайын жігіттердің өмірінде спорттың рөлі зор. Футбол, шаңғы мен жүзуден жарыстарға жыл сайын қатысады. Бұл-хоккейден дәстүрлі турнир. Жыл сайын ұйымдастырылады. Жеңімпаздарға департамент басшысы атынан алғыс хаттар мен кубок бар.

Тақырып бойынша материалдар

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ҮШІН БӨЛЕК ҮЙ КЕЗЕГІ
19:32, 24 сәуір 2019
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ҮШІН БӨЛЕК ҮЙ КЕЗЕГІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ВИЦЕ-АДМИРАЛ Ж.ЖАНЗАҚОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
18:36, 24 сәуір 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ВИЦЕ-АДМИРАЛ Ж.ЖАНЗАҚОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ТИІМСІЗ ЖҰМСАҒАН ӘКІМДЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ
19:06, 19 сәуір 2019
БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ТИІМСІЗ ЖҰМСАҒАН ӘКІМДЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ
Толығырақ...
МАЛ ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН 8 АДАМ ҰСТАЛДЫ
17:29, 23 сәуір 2019
МАЛ ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН 8 АДАМ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...