ШҰҒЫЛ! Демалыс күндері жауын-шашынды болады Толығырақ

Өрт сөндірушілер жарыс жолағында

17:23, 12 қазан 2017

Өрттен құтқарушылар үшін облыстық спорттық жарыс басталды. Екі күндік сынға аудандық кезеңнен іріктеліп келген 180 өрт сөндіруші қатысуда. Ең үздік қызметкерлер облыстың құрама командасына алынады.

Бұл -  төтенше жағдай қызметкерлері үшін күнделікті жұмысы. Табиғи апаттар мен оқыс оқиғалардың алдын алу олардың басты міндеті. Ал, тілсіз жаудың бетін қайтару үшін әрине тәжірибе мен шапшаңдық қажет. Сондықтан өрт сөндірушілер арасындағы спорттық сайыстардың маңызы зор. Бүгінгі жарысқа қала және аудандардан келген қатысушылардан 18 команда құрылды.

Жарыс талаптарына сай, өрт сөндірушілер тұрғындарды эвакуациялау, жалынды дер кезінде сөндіру, және қажет құралдарды ілезде жеткізу бойынша шеберлік көрсетті. 100 метр қашықтыққа жүгіріп өткен құтқарушылардың 4 деңгей бойынша біліктілігі сыналды. Жас өрт сөндірушілермен қатар, тәжірибелі қызметкерлер қатысты. Айтарлықтай жетістіктері де бар.

Жарыс қазанның 19-ы күні атап өтілетін құтқарушылардың кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылды.  Үздік өрт сөндірушілер облыстың құрама командасына алынады. 2018 жылы өтетін республикалық жарысқа қатысады деп күтілуде.

 

Тақырып бойынша материалдар

Грек-рим күресінен Республикалық турнир басталды
19:12, 20 қазан 2017
Грек-рим күресінен Республикалық турнир басталды
Толығырақ...
Саңыраулар қоғамының құрылғанына - 80 жыл
19:08, 20 қазан 2017
Саңыраулар қоғамының құрылғанына - 80 жыл
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Ақтөбелік өнерпаз "Музарт  live" Республикалық жобасына қатысты
17:17, 16 қазан 2017
Ақтөбелік өнерпаз "Музарт live" Республикалық жобасына қаты...
Толығырақ...
Бес қабатты үйдің тұрғындары адам шошырлық жағдайда тұрып жатыр
18:22, 19 қазан 2017
Бес қабатты үйдің тұрғындары адам шошырлық жағдайда тұрып жа...
Толығырақ...