ШҰҒЫЛ! ҮЙ ТОНАУШЫЛАР КӨБЕЙДІ Толығырақ

ОРТАЛЫҚ БАЗАРДА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ БҰЗЫЛҒАН

20:52, 16 мамыр 2018

Ақтөбедегі орталық базарда өрт қауіпсіздігі талаптарының дұрыс сақталмауы анықталды. Мемлекет басшысының базарлар мен сауда орындарындағы тәртіпке қатысты тапсырмасына сәйкес өңір басшысы қаладағы ірі сауда орындарының бірінің жай-күйімен танысты  

Облыс әкімі орталық базардағы бірнеше сауда қатарларын аралап шықты. Мұндағы сатушылар мен келетін тұтынушылар үшін қауіпсіздік шараларының қандай деңгейде екенін білді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықовтың айтуынша, орталық базарды тексеру барысында өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылғаны анықталған. Оқыс оқиға бола қалған жағдайда эвакуациялық шығу орындары қоршалған, базардағы ғимараттарға арнайы техникалардың жетуі екіталай, өртке қарсы дабыл қағу тетіктері істен шыққан.

Мұнда болған облыс әкімі базардың қызметі мен ондағы баға айналымын реттеуді қатаң бақылауды тапсырды. Сондай-ақ, санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы керектігін ескертті.

Бұдан өзге бүгін облыс әкімі "Ақтөбе" инудстриалды аумағында іске асып жатқан 11 инвестициялық жоба көрді. Барлығы да биыл және келі жылы іске қосылуы тиіс. Алайда кейбіріне қажетті қолдау шаралары көрсетілгенімен, әлі де құрылыс-монтаж жұмыстары басталмаған. 

Өңір басшысы бірқатар маңызды өндірістік және әлеуметтік нысандардың да құрылысын барып көрді. Олардың қатарында жыл бойы жұмыс істейтін "Әсем" лагері, аквапарк, неке сарайы, "Аналарға тағзым" музей-үйі, тарихи-өлкетану мұражайы, мұз айданы, ферроқорытпа зауыты аумағындағы қаладан шығатын жол өткелі және "Көктас - Ақтөбе" АҚ силикат өнімдері зауыты бар.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
14:09, 15 тамыз 2018
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕН 100 БІЛІМ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ
Толығырақ...
"БАҚЫТТЫ БАЛА" ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
18:32, 15 тамыз 2018
"БАҚЫТТЫ БАЛА" ЖОБАСЫ СӘТТІ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
Толығырақ...