ШҰҒЫЛ! ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ОТАНДЫҚ ӨНІМГЕ ҚОЛДАУ

15:02, 8 қараша 2019

Ел экономикасын дамытатын тұрақты модель құру үшін энергияны үнемдеу керек. Ақтөбеде электро техникалық қондырғылар шығаратын зауыт ашылуы мүмкін. Ол үшін шаһар мүмкіндігі зор. Мемлекет тарапынан қолдау да жақсы. Бүгін облыстық "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы ғимаратында жергілікті компания өз өнімін таныстырды.Қазақстан бойынша 14 филиалы бар зауыт отандық құрылыс материалдарын пайдаланады. Тек арнайы қондырғылар ғана Украинадан әкелінген. Бүгін компания өкілдері өз өнімдерін ортаға салды. Электро техникалық қондырғылары мен трансформаторларын көрсетті. Компанияның нарыққа шыққанына 50 жыл. Әйтсе де тұтынушылары аз. Қазақстандықтар көбіне шетел өнімдеріне құмар,-дейді компания өкілдері. Бүгінгі шараның мақсаты да осы. Отандық тауар өндірушіні қолдау. Өңірде шамамен 59 мыңнан астам шағын және орта бизнес нысаны тіркелген. Тұрғындардың 30 пайызы бизнеспен айналысады. Бұл "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы мамандары жүргізген санақтың қорытындысы. Шара  соңында моноқаланың кәсіпкерлік саласы туралы айтылды.

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ТЕГІН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ
18:30, 28 наурыз 2020
ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІКТЕРІ ТЕГІН ГАЗБЕН ҚАМТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ
15:36, 23 наурыз 2020
ӨҢІРДЕ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 1 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...