ШҰҒЫЛ! ЕҢ ҮЗДІК ЕТ - 2019 Толығырақ

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ - БАСТЫ НАЗАРДА

19:55, 10 қаңтар 2019

Былтыр Ақтөбеде 1204 неке бұзылған. Отбасылық сипаттағы мұндай мәселе бүгін қалалық сотта өткен дөңгелек үстелде талқыланды. Ерлі - зайыптылар арасындағы түрлі дауларды қарайтын судьялар мен мәслихат қызметкерлері және Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығының өкілдері  бас қосып, өз ойларын ортаға салды.

Жиында отбасылық даулардың көбейіп бара жатқаны айтылды. Мәселен, былтыр қалалық сотқа қаралған істердің 2274 некені құзуға қатысты болған.  Негізінен ажырасу, мүлікті бөлу және алимент төлеу секілді жанұялық сипаттағы мәселелер.  

"Әйелдің отбасындағы рөлі" атты дөңгелек үстелдің сот ғимаратында өтуі бекер емес. Өткен жылдың қараша айында мұнда "отбасылық орталық" ашылған болатын. Жоғарғы соттың пилоттық жобасы аясында пайда болған орталықта түрлі дау-дамаймен келетін ерлі-зайыптыларға заңгер кеңес беріп, психологиялық, құқықтық қызмет көрсетіледі. Мұндай жұмыс талай жұптардың некесін сақтап, отбасы құндылығын арттыруға септігін тигізеді дейді мамандар.   

Мәселе өзекті болғанымен некелерін бұзып, ажырасушылардың саны былтыр алдыңғы жылмен салыстырғанда біраз азайған. Енді осы үрдісті бүгінгі бас қосуға келгендер одан әрі жалғастыруға ниетті. Өзара меморандумға қол қойып, бірлесе жұмыс атқармақ.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА  БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
19:20, 22 наурыз 2019
12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
17:31, 18 наурыз 2019
БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
Толығырақ...