ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

ОТБАСЫН САҚТАУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

17:27, 15 мамыр 2019

Ақтөбеде "Отбасын сақтау орталығы" ашылды. Пилоттық жоба Анаға тағзым үйінде орналасқан. Мақсаты - жанұя бірлігін сақтап, ана мен бала құқығын қорғау.
Кабинет шағын болса да, мұнда қыруар жұмыстар атқарылмақ. Арнайы бекітілген кестеге сай психолог, сот өкілі мен медиатор тұрғындарды қабылдайды. "Отбасын сақтау орталығы" жастарға ғана арналмаған. Судьялардың айтуынша, ажырасуға бел буған ерлі-зайыптылардың арасында егде жастағылар да бар. Себеп көп. Мінез келіспеушілігі, материалдық жағдай мен құмар ойындардың кесірі.

Қазақ тарихында ажырасу деген болмаған, бұл батыстың әсері,-дейді Бибігүл Әбдішүкірқызы. Көпбалалы ана "Отбасын сақтау орталығында" медиатор. Бұған дейін ол қалалық сот жанынан ашылған отбасылық кабинетте жұмыс істеген. 500-ге жуық жұптың одағын сақтап қалдым,-дейді көпбалалы ана. 

Жыл басынан бері 1264 отбасы сотқа некені бұзу туралы арыз түсірген. Қалалық сот жанынан құрылған отбасы орталығының мамандары ажырасуға келген 518 жұпты райынан қайтарған. Ал Батыс-2 ауданында ашылған жаңа орталық өңірімізде ажырасамын деушілер санын мүлдем азайтамыз деген үмітте. 
Жанар Датқызы

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар