ШҰҒЫЛ! ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛАДЫ Толығырақ

ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТОРЫН СЫЙЛАДЫ

11:51, 29 шілде 2020

Өңір жаңалықтарына ойыссақ... Қиын кезде бір-бірін демеп, қолда барымен бөліскендер көп. Өңірде қоғамдық қор қаржы жинап, кәсіпкерлер қолдауымен оттек концентраторын сатып алған. Зауыттан тікелей жеткізілген өмірлік маңызы бар аппараттың 220 данасы аудандарға да таратылды. Сөйтіп емдеу мекемелері оттек концентраторымен толық қамтамасыз етілді. Қайырымды іс жайлы тілші материалында. 
Науқастарға қол ұшын созған қоғам белсенділері мен тұрғындар. Олардың көмегімен өңірдегі медицина орталықтары заманауи құрылғылармен қамтылды. Денсаулық сақтау министрлігі жеткізуге көмек берді. 
Адам өмірін сақтауға көмектесетін оттек концентраторы 12 ауданға теңдей жөнелтілді. Барлығы 19 емдеу мекемесіне үлестірілді.     
СВЕТЛАНА  УАЙСОВА
ЖЕКЕ КӘСІПКЕР /АЛҒА АУДАНЫ/
Аппараты пришли к нам. За это большая благодарность. Многие люди не остались в стороне и внесли свой вклад в оснащение больниц столь необходимым сегодня оборудованием. Это большая поддержка для тех людей, кто болеет пневмонией. Таким образом, в нашей Алгинской районной больнице полностью покрывается потребность в кислородных концентраторах. 
Оттегі концентраттары коронавирус пен пневмония секілді дертті емдеуге қолданылады. Аппарат тыныс алуды қалыпқа келтіріп, жүрек пен өкпенің ғана емес, бауыр мен бүйректің жұмысын жетілдіреді. Провизорлық орталықтар үшін аса қажет аппарат өңірде жеткілікті. Денсаулық сақтау басқармасы өзге де медициналық құралдарды алуға ден қойып отыр.       
Карантин, демеушілердің көмегі, қарапайым адамдардың қамқорлығы вирустың таралуын тежеді. Қазір инфекциялық және провизорлық стационарлардың 60 пайызы бос тұр. Бір мың адам емін жалғастыруда. Жүйелі жұмыс нәтижесінде жатақханадағы провизорлық орталық жабылды.   
Айта кетейік, алдағы уақытта "Дару" емханасынан ашылған провизорлық орталықтың жұмысын тоқтату жоспарда бар. 

ГУЛЬНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Жақсылық» көркем фильмі көрсетіледі
09:19, 2 тамыз 2020
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Жақсылық» көркем фильмі кө...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар