ШҰҒЫЛ! COVID-19: ҚАЗАҚСТАН "ҚЫЗЫЛ" АЙМАҚҚА КІРДІ Толығырақ

ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ

20:00, 13 қаңтар 2021

Қазіргі қоғамның алдында тұрған маңызды әлеуметтік мәселелердің бірі - кәмелетке  толмағандар арасындағы қылмысты азайту. Бұл міндетті мүлтіксіз атқару үшін полиция қызметкері сауатты педагог әрі жасөспірімдердің психологиясын меңгерген мықты психолог болуы тиіс.  

Жасөспірімдердің тілін тауын, сенімді байланыс орнатпай, нәтижелі жұмыс істеу мүмкін емес. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор Есет Алғабаев осылай дейді. Айтуынша,  кәсіби білім мен дағдылардан басқа, полицейдің жұмысындағы 90 пайыз жетістік қызметкердің жеке қасиеттеріне, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған баланы және оның ата-анасын әңгімеге тарта білуіне байланысты. 

Хромтау аудандық ішкі істер бөлімінде бастаған. 3 жыл бұрын облыс орталығына қоныс аударып, №3 қалалық полиция бөлімінде қызметін жалғастырды. Өткен жылы шаңырақ көтерді. Жұбайы Айгерім- медицина маманы. Карантин кезінде жас отбасы  бақылау-өткізу бекеттерінде күні-түні кезекшілікте болып, тұрғындардың қауіпсіздігін күзеткен. 

Ақтөбе қалалық №3 полиция бөлімінің құрамында 145 қызметкер жұмыс істейді.  Тәртіп сақшылары қаланың ескі аумағында болған әкімшілік, қылмыстық құқықбұзышылықтарды анықтап және  болжырмай бағытында жұмыстанады.  Есет Алғабаев №14 орта мектеп пен Ақтөбе техникалық колледжіне жауапты. Ол өзіне артылған міндеттерді мүлтіксіз орындайды дейді бөлім бастығы. 
2019 жылы полиция бөлімінің есебінде 755 жасөспірім тіркеуде тұрса, өткен жылы көрсеткіш едәуір кеміген. Бұл - тәртібі нашар жаспірімдермен және олардың ата-аналарымен жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесі.

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
20:00, 26 қаңтар 2021
БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар