ШҰҒЫЛ! ЖАСТАР БАСПАНАМЕН ҚАМТЫЛАДЫ Толығырақ

ӨЗ ӨЛКЕМНІҢ ТҰЛҒАСЫ

18:51, 8 қараша 2018

Жастар танымал тұлғалармен кездесті. Сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қорының  атқарушы директоры Гүлмирам Сражова мен «Пандус ок»  компаниясының басшысы Шахан Жолдасбаев студенттер жатақханасында кездесу өткізді.  Шараны облыстық жастар саясаты басқармасы ұйымдастырды.

Мұндай адамдармен  кездесу жастарға ерекше шабыт берді. Олардан алған тәлім өз өзіңе деген сенімді арттырады дейді  М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің 1-ші курс студенті Сырым  Амангелдиев. 

Гүлмирам Сражова  мен  Шахан Жолдаспаев қиындыққа төтеп беріп, оны жеңе білудің, өмірге деген құлшыныстың қаншалықты маңызды екенін жақсы біледі. 1 топтағы мүгедек болса да, 12 мүшесі сау адамдардан кем емес еңбек атқарып, қоғамға қызмет етіп  жүр.   Шахан Жолдаспаев «100 жаңа есім» жобасына енген ақтөбеліктің бірі, жас кәсіпкер, спортшы, Германияда мүгедектер арасына өткен спорттық жарыста  жүзуден 4-ші орынды жеңіп алды.  Қазір ол басқарып отырған кәсіпорын «Бізсіз құрылыс салмаңыз!» деген ұранмен пандустар орната бастады, әзірге қала бойынша 70 пандус бар.

Мұндай шараның мақсаты - танымал азаматтардың өмір жолын жастарға үлгі ету, туған жерге, елге деген патриоттық сезімді тәрбиелеу.  Жастардың сұрақтарына жауап берген қонақтар атқарып жүрген жұмыстарының қызықты тұстарымен бөлісті.  Емен-жарқын әңгіме болды. 

Венера Серғазина

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨРМЕСІН  120 МЫҢ АҚТӨБЕЛІК ТАМАШАЛАДЫ
17:58, 18 қаңтар 2019
ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КӨРМЕСІН 120 МЫҢ АҚТӨБЕЛІК ТАМАШАЛАДЫ...
Толығырақ...
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
16:31, 18 қаңтар 2019
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
19:19, 16 қаңтар 2019
ОБЛЫСТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...