ШҰҒЫЛ! "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАНАДЫ Толығырақ

ОЗАТ ОҚУШЫЛАР ЕЛОРДАҒА БАРДЫ

19:32, 16 шілде 2019

Қобда ауданына қарасты, Өтек негізгі мектебінің оқушылары  Нұр-сұлтанға барып, демалып келді.  Озат оқушылардың Елордаға сапарын ұйымдастырып, жол-пұлын көтерген - ауған соғысының ардагері, "Ер Бақыт" спорттық-патриоттық клубының төрағасы Марат Қойлыбаев. Бүгін елордадан оралған балалар қоғам белсенділерімен кездесіп, алған әсерлерімен бөлісті. Осыдан бір жыл бұрын «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында ақпараттық топ өкілдері Ақтөбе облысының елді мекендерін аралағанды-ды.  Сол кезде Қобда ауданы, Өтек ауылының жұпыны көрінісіне куә болған кәсіпкер Марат Қойлыбаев озат оқушыларға Эскпоны көрсетем деп уәде еткен еді.  Ауған соғысының ардагері сөзінде тұрып,  күні кеше шалғай ауылдың 8 оқушысы ұстазымен бірге Нұрсұлтан қаласына саяхаттап келді. Ақпараттық топ өкілі, профессор Бауыржан Жүнісовтің айтуынша,  аудан орталығынан шеткері орналасқан Өтек ауылы өркениетен де алыс қалған. Елді-мекенге көгілдір отын тартылмаған,  жылдар бойы жөндеу көрмеген 9 жылдық  мектептің жағдайы да мәз емес. Ал, жыл сайын көктемде көпірді су шайып, тұрғындар қолдан бөгет жасап әлекке түседі екен. Осылайша,  Өтек тұрғындары үшін Нұрсұлтан тұрмақ, аудан орталығына барып-келудің өзі мұң. Осы ретте, оқушылар жазғы демалыста Елордаға саяхат ұйымдастырып, мәрттік жасаған Марат ағаларына дән риза.  Тәуелсіз елдің  азат ойлы ұландарының татулық бесігіне айналған Нұрсұлтанға балалық құрметі, таңғажайып қалаға сүйіспеншіліктерінің оянғаны  айқын аңғарылады. Бәйтеректің басына шығып тілек тілеген балғындар,   болашақша Елордада білім  алсақ деген ниетте.

 

Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
19:44, 16 тамыз 2019
ШАҺАР БАСШЫСЫ КЕҢҚИЯҚТЫҚ ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
20:42, 14 тамыз 2019
АҚТӨБЕЛІК БАЛУАНДАР - БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Толығырақ...
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
21:24, 14 тамыз 2019
801 АДАМ МАГИСТРАТУРАҒА ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ
Толығырақ...