ШҰҒЫЛ! БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ Толығырақ

ӨЗЕН АРНАСЫН КЕҢЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСА МА?

21:12, 22 мамыр 2020

Өзен арнасын кеңейту жобасы тағы да қызу талқыға түсті.  Бүгін жобаның бас инженері ақтөбелік қоғам белсенділерімен және табиғат жанашырларымен кездесіп, жұмысты жандандыру мәселесін  көтерді. Тұрғындар мен экологтардың пікірі бәз баяғыша. Айтуларынша, онсыз да су қоры аз Ақтөбеде өзен арнасын кеңейтуге мүлде болмайды. Жағалауға жайылған су ысырап болып, буға айналады. Сондықтан, жұмысты жандандырып, қолдан экологиялық апат жасаудың қажеті жоқ.  Естеріңізде болса,  жергілікті билік  2017 жылғы су тасқынынан соң сегіз өзеннің арнасын кеңейтіп, табанын қоқыстан тазалау туралы шешім қабылдаған болатын . Бұл жұмыстарға "Жол картасы" бағдарламасы аясында 6 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Алайда, өңірдегі  су арналары тартылып, өзендердің кеуіп бара жатқанын байқаған табиғат жанашырлары  дабыл қақты. Осылайша, жұрттың жаппай  наразылығын тудырған жоба уақытша тоқтатылған еді. 

Тақырып бойынша материалдар

ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
22:38, 26 мамыр 2020
ТАЕКВОНДОШЫЛАРҒА КАРАНТИН КЕДЕРГІ ЕМЕС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар