ШҰҒЫЛ! ЖАРЫЛЫСТАН 11 АДАМ ЗАРДАП ШЕКТІ Толығырақ

ӨЗЕН АРНАСЫН ТАЗАЛАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

21:06, 12 маусым 2019

Ақтөбедегі өзен арналарын тазарту жұмыстары көптен бері тұрғындар арасында талас тудырып, қалалықтардың пікірлері екіге бөлінген еді. Бұл мәселені қала әкімдігінде өткен жиын барысында шаһар басшысы Ілияс Испанов "Ақтөбе, тыныста!" волотерлік қозғалысының, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен бірге талқылады.

Өзен жағалауларын тазалау жобасы үш министрлік бекіткеннен кейін үш жылға жоспарланды. Тұрғындардың ашу-араздығын туғызған мәселе су жағасындағы талдардың кесіліп жатқаны, бұлақтардың көзінің жабылып қалғаны.

 Биыл 118 шақырымға созылған сегіз өзеннің табанын тазалау, арнасын кеңейту, жағалауын бекіту жұмыстары басталып кетті. Жобаның жалы құны - алты миллиард жеті жүз миллион теңге. Қазір жағалаудағы жасыл желекті сақтап қалуға мән беріліп жатыр деді билік өкілдері.

ЖҰЛДЫЗБЕК  БИСЕМБИН /АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Жұмыстың 30 шақырымы толық аяқталды. Өздеріңізге белгілі, өзен жағалауларына өскен талдарды кесуге байланысты тұрғындардан көптеген арыз-шағым түсті. Сондықтан, біз тұрғындардың пікірімен келісе отырып, жобалық-сметалық құжаттарға өзгерістер енгізіп жатырмыз. Ол бойынша ағысқа кедергі келтіріп тұрмаса, талдарды бейберекет кеспейміз.

Кездесу барысыеда қоғадық ұйымдар өкілдерін биылғы құрғақшылық та алаңдатты. Су онсыз да аз ал өзендердегі жұмыстар бұлақтардың көзін жауып тастауы мүмкін бе деген сауалға қала әкімі жауап берді.Қала әкімдігінде өткен жиыннан соң, шаһар басшысы қоғамдық ұйымдар өкілдерімен бірге жұмыс жүріп жатқан аумаққа барды. Өзен жағалауын осы бағытта ұзақ жылдар тәжірибе жинақтаған төрт мердігер ұйым тазалауға кіріскен. Бұл жерде өскен талдар жаппай кесіліп жатпағанына барғандардың бәрінің көзі жетті. Мердігерлер жасыл желекті жөнсіз кеспес үшін жобадан ауытқып жұмыс істеуге тура келеді деп отыр.Қарғалының Садовый ауылынан Кірпішті елдімекенінде Елекке құятын тұсына дейін мердігерлер өзен арнасын кеңейтіп жатыр. Қала басшысы уақытша қолайсыздықтарға тұрғындар түсіністікпен қараулары керек деді.

Айгүл Байменова

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕДЕН АРЫСҚА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ
19:27, 25 маусым 2019
АҚТӨБЕДЕН АРЫСҚА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК ЖӨНЕЛТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АКТЁР АСЫЛХАН ТӨЛЕПОВ ТУҒАН ЖЕРІНЕ КЕЛДІ
20:50, 20 маусым 2019
АКТЁР АСЫЛХАН ТӨЛЕПОВ ТУҒАН ЖЕРІНЕ КЕЛДІ
Толығырақ...