ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

ӨЗГЕГЕ ҮМІТ СЫЙЛА

18:07, 2 сәуір 2019

Өзгеге үміт сыйла! Бүгін облыстық қан орталығында осындай атаумен акция өтті. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері қан тапсырды. Шараның өтуіне қалалық жастар ресурстық орталығы мұрындық болды. 

Донор - ізгі іс. 19 жастағы Арайлым Ескендір бүгін алғаш рет қан тапсырды. Ол бір адамның болса да өмірін сақтап қалуды армандайды. Болашақ мұғалімнің ойынша, мейірімді, жүрегі кең адамдар ғана донор бола алады.Бүгін ол еш ойланбастан 450 грамм қанын құйып берді.

Бүгін 37 студент қан тапсырды. Өзгеге үміт сыйла акциясының мақсаты-көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету, халықты ізгілікке шақыру. 
Қан тапсыратын донорлардың денсаулығына қойылатын талап жоғары. Донор болғысы келетін әр адам алдымен дәрігерлік және зертханалық тексеруден өтеді. Тек денсаулығы мықты, ағзасында кінәраты жоқ азамат қана донор бола алады. Облыстық қан орталығының қорында 6 мың литрге жуық эритроцит бар. Орталыққа күн сайын 50 шақты адам келіп қан тапсырып отырады. Алайда, бұл қанның жарамдылық мерзімі 42 күн ғана. Сондықтан, мұндағылар келген әр донорды қуана қарсы алады.

 

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
20:49, 23 шілде 2019
АҚТӨБЕЛІКТЕР ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУЫ ТИІС
Толығырақ...
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
20:48, 23 шілде 2019
АЙ СОҢЫНДА АҚТӨБЕЛІКТЕР АРЫСТАҒЫ ЖҰМЫСЫН ТАПСЫРАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар