ШҰҒЫЛ! МАЛ ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН 8 АДАМ ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ӨЗГЕГЕ ҮМІТ СЫЙЛАҒАН...

15:13, 11 желтоқсан 2018

Тағдыр тауқыметін тартса да мойымай, тағдырластарының жайын ойлаған жан! Ақтөбелік Құралай Байменованы өңір жұрты жақсы біледі. «Сал ауруларына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы 20 жылдан аса уақыттан бері мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғап келеді. Нәтижесінде облыстағы мүгедек жандар өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезініп, бүгінде жайлы өмір сүріп жатыр.

Ақтөбе қаласының құрметті азаматы, бірнеше рет облыстың жыл адамы атанған Құралай Бәйменова өзімен тағдырлас жандардың мәселесімен 90-жылдардан бері айналысып келеді. Содан бері бірталай іс атқарылды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың баспана мәселесі шешіліп, қажетті ем-домдарын алуы да жеңілдеді. Қазір бірлестікке мыңнан аса адам тіркелген.

Құралай Бәйменова Ақтөбеде мүгедектерге арналған екі тұрғын үйдің салынуына да ықпал етті. Нәтижесінде 73 отбасы баспаналы болды. Ал, ғимараттың төменгі қабаттары арнайы жабдықталған. Онда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт залдары мен ем-дом алатынарнайы кабинеттер бар. Сондай-ақ,өнер мен тіл үйрететін үйірмелер де жұмыс істейді.

Орталықта 30-дан аса адам жұмыспен қамтылған. Одан бөлек,кембағал жандарға қызмет көрсетумен айналысатын екі серіктестік пен еріктілер тобы бар. Дамуында тежелуі бар балалар да назардан тыс қалмаған. Ақтөбеден бөлек Қандыағаш, Хромтау қалаларында инватакси қызметі жолға қойылған.

Қор төрайымы Құралай Бәйменова - ұл мен қыз өсірген  аяулы ана, ардақты әже. Үйде де, түзде де қолдау білдіріп жүрген жолдасы бар. Олар қандай қиындық көрсе де, бірге күресіп, жеңе білді.  Жігерлі жанның ендігі жоспарының бірі - мүгедектерге арналған коттедж қалашығын салу. 

Жақсыбек Кемал

Тақырып бойынша материалдар

КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ҮШІН БӨЛЕК ҮЙ КЕЗЕГІ
19:32, 24 сәуір 2019
КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ҮШІН БӨЛЕК ҮЙ КЕЗЕГІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ВИЦЕ-АДМИРАЛ Ж.ЖАНЗАҚОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
18:36, 24 сәуір 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ВИЦЕ-АДМИРАЛ Ж.ЖАНЗАҚОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ТИІМСІЗ ЖҰМСАҒАН ӘКІМДЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ
19:06, 19 сәуір 2019
БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ТИІМСІЗ ЖҰМСАҒАН ӘКІМДЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛАДЫ
Толығырақ...
МАЛ ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН 8 АДАМ ҰСТАЛДЫ
17:29, 23 сәуір 2019
МАЛ ҰРЛАУМЕН АЙНАЛЫСҚАН 8 АДАМ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...