ШҰҒЫЛ! "ПАРА БЕРМЕ" НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ПАРЛАМЕНТ 83 ЗАҢ ҚАБЫЛДАДЫ

20:43, 5 шілде 2019

Парламент депутаттары каникулға кетті. Бүгін қос палатаның бірлескен отырысы өтіп, онда алтыншы шақырылымның төртінші сессиясы қорытындыланды. Осы аралықта маңызды заң жобалары қабылданып, 319 депутаттық сауал жолданды. Төртінші сессия маңызды оқиғаларға толы болды. Парламенттің алдында зор әрі  абыройлы жауапкершілік бар. Ол сапалы, халыққа қажетті заң жобаларын қабылдау. Сессия барысында қос палатаның 5 бірлескен отырысы, Мәжілістің  41 және Сенаттың 26 жалпы отырысы өтті. Онда 319 маңызды мәселе қаралды. Жалпы, төртінші сессия басталған кезден 83 заң жобасы қабылданды. Оның ішінде 82 құжатқа Мемлекет басшысы қол қойып, олар өз күшіне енді.

НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН /ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Осы қабылданған әрбір заң, ең алдымен, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық және әлеуметтік бастамаларын орындауға бағытталды.  Әрбір заң сонымен бірге, еліміздің дамуына, халқымыздың өмір сапасын күшейтуге жаңа серпін берді. Ал, ең бастысы, қабылданған барлық құжаттар азаматтарды қолдауға және қорғауға арналды.  Осының барлығы, екі палата депутаттарының бірлескен жұмыстарының нәтижесі деп санаймыз.  Осы орайда Сенат та, Мәжіліс те, заң шығару жұмысына белсенді араласып, алға қойған басым бағыттар нәтижелі жүзеге асырылды.¤

Тақырып бойынша материалдар

ЖЕКЕ ЕМХАНАДА 20 ЖАСТАҒЫ КЕЛІНШЕК ҚАЙТЫС БОЛДЫ
18:41, 15 қазан 2019
ЖЕКЕ ЕМХАНАДА 20 ЖАСТАҒЫ КЕЛІНШЕК ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

12:35, 10 қазан 2019
ЖӘРДЕМАҚЫ 1 ҚАҢТАРДАН БАСТАП ЖАҢАША ТӨЛЕНЕДІ
Толығырақ...
ӘДЕП БҰЗҒАН БАСШЫЛАРҒА ШАРА ҚОЛДАНЫЛДЫ
20:45, 14 қазан 2019
ӘДЕП БҰЗҒАН БАСШЫЛАРҒА ШАРА ҚОЛДАНЫЛДЫ
Толығырақ...