ШҰҒЫЛ! COVID-19: ҚАЗАҚСТАН "ҚЫЗЫЛ" АЙМАҚҚА КІРДІ Толығырақ

ПЕДАГОГТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛДЫ

21:00, 2 желтоқсан 2020

Кәсіподақ - ең пәрменді ұйымның бірі. Облыстағы білім саласы қызметкерлерінің құқығын қорғайтын ұйымға 31 мыңға жуық педагог мүше. Биыл көмек сұрап, шағымданған ұстаздар саны өткен жылдармен салыстырғанда көп болған. Басым бөлігі еңбекақы жағдайын айтты. 
Осы жылы Ақтөбе облыстық білім саласының 800 қызметкерінен кәсіподаққа түрлі өтініш түскен. Оның ішінде 30 мұғалімге заңгерлер құқықтық кеңес берді. Сонымен қатар Темір, Шалқар, Мәртөк, Әйтеке би, Қобда және Хромтау аудандарының бірқатар жас мұғалімі де көмек сұрады. Олар ғылыми дәрежесіне берілетін қосымша ақыны алмаған. Қателік бірден жөнге келді. Тиісті шара қабылданып, нәтижесінде 5 млн 600 мың теңге көлеміндегі қаржы иелеріне қайтарылған. 

Әлемдік дертке байланысты төтенше жағдай жарияланғалы ұйымның жұмысы еселене түскен. Онлайн байланыс арқылы педагог, кіші қызметкерлердің өтінішін 24 сағат бойы қыбылдап, тыңдауға мәжбүр болдық,-дейді ұйым қызметкерлері. Сонымен қатар індет кезінде облыстың жүздеген мұғалімі сауықтыру шипажайларына жолдама алды. Қала ұстаздары қаржылай қолдауға ие болды. Ал, 12 ауданда еңбек етіп жатқан 600-ден астам мұғалімге онлайн сабаққа қажетті компьютер сатып алуға қаржы берілген.  

26 жылдық педагог өтілі бар Нәзия Жақыпова өзі еңбек етіп жатқан мектептің кәсіподағын басқарады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Ұстаздар арасында кездесетін келеңсіз жағдайларды лезде таразының басын тең ұстап шешуге тырысамыз,- дейді.  

Кәсіподақтың басты жұмысы - білім саласы қызметкерлерінің құқығын толықтай қорғау. Оның ішінде, жалақының дер кезінде берілуі, педагогтарды  медициналық сақтандыру, еңбек қауіпсіздігі, қажет жағдайда екі тарап арасындағы даулы мәселелерді шешу. Осы сала жүгін арқалаған Ақтөбе облыстық кәсіподағы артылған сенім үдесінен шығып отыр. 

ГУЛЬНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
20:00, 26 қаңтар 2021
БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар