ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

ПӘТЕРДІ ТАРАҚАН ЖАЙЛАДЫ

11:21, 12 қазан 2020

Ал 12-ші ықшам аудандағы 25-ші үйдің тұрғындары даладағы емес, пәтердегі қоқысты тазарта алмай жүр. Кіреберістегі иіс қолқаны қабады, ал пәтердің ішіндегі тарақан мазаны қашырды. Өздерінің әлі келмеген соң әкімдіктен көмек сұрады. Санитар мамандарды шақырды. Мәселенің мән-жайын баспананың қазіргі күйін көріп келген тілші тарқатады. 
Бұл үйде 80 жастағы қария мен оның мүгедек қызы тұрған. Көршілердің айтуынша, сол кезде-ақ үй ішінде тазалық сақталмаған. Жасы келген әжей ауруханаға түсіп, кейін денсаулығы нашарлап, өмірден озды. Жалғыз қалған мүгедек қызы арнайы интернатқа орналастырылды. Содан бері қараусыз қалған пәтердің жағдайы мәз емес. Тұрмыстық заттары көнеріп, тарақандар мен өрмекші үйді басып кеткен. Мән-жайды түсіндірген тұрғын бет-жүзін көрсетуден бас тартты. 
Біршама уақыт бойы зиянкес жәндікпен күрескен көршілер әбден шаршады. Әлі келмеген соң арыз-шағым жазды. Мазасы қашқан тұрғындарның ұсынысымен мамандар үйге дезинфекция жасап, тазалады. Алдағы күтім туралы сұрағанда, қалалық жұмыспен қамту орталығының басшысы үйдің өз иесінде қалатынын айтты.  
Үйдің бұрыш-бұрышын жайлаған тарақанмен күрескен санитар мамандардың жұмысына тұрғындар сенім артып отыр. Олар "балаларымыз үшін қорықпай, алаңсыз өмір сүреміз" деп үмітте. 
ГҮЛСЕЗІМ ӘБДІЖӘЛЕЛ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЙ ЗАМАНДА ДА ІНДЕТТЕН АЙЫҒУДЫҢ ЖОЛЫ БІР
21:48, 23 қазан 2020
ҚАЙ ЗАМАНДА ДА ІНДЕТТЕН АЙЫҒУДЫҢ ЖОЛЫ БІР
Толығырақ...