ШҰҒЫЛ! ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ЖОЛАҚЫСЫ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ Толығырақ

Полиция қару атқан адамды іздеп жатыр

19:15, 13 наурыз 2018

Қаланың қақ ортасында қару атқан адам іздестіріліп жатыр. Күдікті 25 жастағы жігітті жаралаған. Полиция қызметкерлері қандайда бір ақпарат білгендер болса, хабарласуларын сұрайды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Қару ату дерегі өткен жексенбі күні тіркелді. Қазір белгілі болғандай, оқ травматикалық тапаншадан атылған. Нәтижесінде бір адам жарақаттанып, ауруханаға түсті. Ал қару қолданған адам әлі іздестіріліп жатыр. Көрген-білгендер болса, полицияға хабарласуларын сұраймыз дейді тәртіп сақшылары.  

Полиция қаңтар айында өзіне қол салған күзет қызметкерінің өліміне қатысты да айтып өтті. Марқұмның соңғы сағаттардағы көңіл-күйін анықтау үшін сот-психиатриялық сараптама тағайындалған. Еске салсақ, қайғылы жағдай қалалық әкімдік ғимаратында болды. Кіші лейтенант шеніндегі қызметкер өзіне табельдік тапаншадан оқ атты. Ол биыл 35 жасқа толар еді. 

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

"ЖҰБАНОВТАР ӘУЕНІ - 2018" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХОР МУЗЫКАСЫ БАЙҚАУ-ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
18:54, 22 маусым 2018
"ЖҰБАНОВТАР ӘУЕНІ - 2018" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХОР МУЗЫКАСЫ БАЙҚАУ-ФЕ...
Толығырақ...
АРДАГЕР ВЕЛОСИПЕДПЕН ҰЗАҚ ҚАШЫҚТЫҚТЫ БАҒЫНДЫРДЫ
18:19, 22 маусым 2018
АРДАГЕР ВЕЛОСИПЕДПЕН ҰЗАҚ ҚАШЫҚТЫҚТЫ БАҒЫНДЫРДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
14:25, 17 маусым 2018
АҚТӨБЕНІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ӨНЕРПАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
БІРІНШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ГАЗ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
19:25, 20 маусым 2018
БІРІНШІ ШІЛДЕДЕН БАСТАП ГАЗ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАЙДЫ
Толығырақ...