ШҰҒЫЛ! 400 АДАМ АИТВ ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

PREMIERE!!!

20:21, 10 мамыр 2019

Ақтөбеде түсірілген тұңғыш көркем фильмнің тұсауы кесілді.  Осы аптада "Бір түп алма ағашы" атты отбасылық драманың  жабық көрсетілімі өтті.  !!!!! "Ақтөбе" телеарнасы мен Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрының бірлескен жобасын облыс әкімі Оңдасын Оразалин бастаған бір топ мемлекеттік қызметкерлер,мәдениет және  қоғам қайраткерлері тамашалады. "Бір түп алма ағашы"- отбасылық драма. Сюжеті-  өмір.  Санасын тұрмыс билеген бауырлар психологиясының шиеленісі.  Көрерменнің көзіне еріксіз жас үйіретін кинокартинаның қоюшы режиссері Марат Телеуов. Ал фильмнің басты кейіпкерлерін Тахауи Ахтанов атындағы драма театрының әртістері сомдаған.Көркем фильм  отандық өнім қорын толтыру мақсатында  "Қазақстан" ұлттық арнасының тапсырмасымен жүзеге асқан болатын. Қанатқақты жобаны  алғаш боп біздің арнамыз қолға алды.  Алғашқы көрермендердің бірі болып жаңа картинаны  облыс әкімі Оңдасын Оразалин тамашалады. 11 жыл бойы театр сахнасынан түспеген Әлімбек Оразбековтың психологиялық драмасын о баста  телеспектакль етіп шығару жоспарда болған. Театр мен телеарна арасындағы меморандум негізінде кинокартина түсіру идеясы туындайды. Көркем туындының түсірілімі Қобда ауданының Әлия ауылында өткен.  Қанатқақты жоба көпшіліктің көңілінен шықты. Жоба жетекшілері  Ақтөбеде киноиндустрия саасын дамыту көздеп отыр. Көркем фильмнен соң іле-шала шығармашылық топ  ситком жанрындаңы " Велком ту Актобе" атты телехикая түсірілімін бастап кетті.

PREMIERE!!!

Тақырып бойынша материалдар

"ОҢТҮСТІК АЙНАЛМА" ТАС ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
20:11, 23 тамыз 2019
"ОҢТҮСТІК АЙНАЛМА" ТАС ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН
Толығырақ...
ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ АҚТӨБЕНІҢ ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ
19:44, 23 тамыз 2019
ҮКІМЕТ БАСШЫСЫ АҚТӨБЕНІҢ ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
18:49, 19 тамыз 2019
ЖҮЗУДЕН V РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ОЙЫНДАР ӨТТІ
Толығырақ...