ШҰҒЫЛ! 500 МЛРД ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ Толығырақ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

20:31, 3 сәуір 2018

Ақтөбеде жұмыс сапарымен жүрген Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко бүгін облыс орталығындағы бірнеше нысандардың жұмысымен танысты. "Нұрлы жер" бағдарламасының орындалуын бағамдап, өндіріс саласына маманданған кәсіпорындарда болды. Еңбек ұжымдарымен кезесіп, Президенттің 5 бастамасын жеткізді, қарапайым еңбек адамдарының ұсыныс-тілектеріне құлақ түрді.

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда Ақтөбе облысы көш басында. Қаланың "Нұр-Ақтөбе" шағын ауданында салынып жатқан аз қабатты үйлер мен коттедждер соның айғағы. Мұндағы баспаналардың әрбір шаршы мерті 120 мың теңге. Замануаи үлгіде салынған коттедждерге жер кезегінде тұрған және тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде есеп шоты бар адамдар үміткер бола алады. Үйлерді тұрғызуға қажетті материалдардың басым бөлігі жергілікті өнімдер.

Ел азаматтарын баспанамен қамту және өзге де Елбасының әлеуметтік бастамалары туралы мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Бажко төтенше жағдайлар департаментінің ұжымымен кездесуінде де айтты. Соның ішінде, ипотекалық несиелендіру жүйесінде жаңа бағдарлама болатыны айтылды. 

Сондай-ақ, Парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтына барды. Мұнда профессорлық-оқытушылар құрамынан, ұшқыш-нұсқаушы, инженерлік-техникалық қызметкерлердің жоғары білікті мамандар тобы бар. Оқу ордасында 300-ге жуық адам білім алады. Мұнда Елбасының әлеуметтік бастамаларын түсіндірген Владимир Божко, еліміздегі білім беру жүйесінің қол жетімділігі жастар үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өтті. Өз кезегінде әскери институттың басшылығы да Президент тапсырмаларын орындауға үлес қосатындарын айтты. 

Владимир Божко аймақтың ірі өндіріс орындарында да болды. Жылына 430 мың тонна өнім шығаратын рельс-арқалық зауытының жұмысымен танысты. Жаңа технология енгізілген кәсіпорын өнімдері елімізде өзге, Өзбекстан, Түркіменстан және Әзірбайжанда қолданылуда. Мәжіліс төрағасының орынбасары Ақтөбе мұнай жабдықтары зауытында да болды. Мұнда шығарылатын өнімдер ел нарығына қажетті сорғы тұрбалардың 80 пайызын қамтып отыр. Сондай-ақ, Владимир Божко ферроқорытпа зауытының төртінші цехында болып, жұмысшылармен кездесті.

Бүгінгі күні бұл кәсіпорында төрт мыңнан астам адам еңбек етеді. жыфл өткен сайын айлық жалақылары көтеріліп, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы жақсара түскен.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

 ӘЙЕЛ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ
19:11, 20 шілде 2018
ӘЙЕЛ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...
 АУАНЫ ЛАСТАУШЫ НЕГІЗГІ КӨЗДЕР АНЫҚТАЛДЫ
17:47, 20 шілде 2018
АУАНЫ ЛАСТАУШЫ НЕГІЗГІ КӨЗДЕР АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар