ШҰҒЫЛ! Бес қабатты үйдің тұрғындары адам шошырлық жағдайда тұрып жатыр Толығырақ

"Пробация үйі" жобасының алғашқы кезеңі қорытындыланды

11:11, 10 тамыз 2017

Еліміз бойынша бірінші болып ашылған "Пробация үйі" жобасының алғашқы кезеңі бүгін облыстық прокуратурада қорытындыланды.

Еске салсақ, шартты мерзімге дейін бас бостандығынан айырылған азаматтарға әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету үшін ашылған пробация үйі осы жылдың сәуір айында жұмысын бастаған болатын.

Пробация үйі республикада алғашқылардың бірі болып Ақтөбеде ашылды. аталмыш үйде  "бір терезе" қағидаты бойынша  есепке алынған 1342 адамға   барлық мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. 83-і тұрақты жұмыс тапса, 4 адам Бизнес бастау бағдарламасына қатысып, жеке ісін бастады. 

Облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровтың айтуынша, жоба қорытындысы бас прокуратурада оң бағаланды. және озық тәжрибе ретінде еліміз бойынша ұсынылып, қазіргі күні 7 өңірде пробация үйлері ашыла бастады. Енді облыстық прокуратура  "Пробация үйі" жобасының  екінші кезеңіне дайындықты бастамақшы. Бұл кезеңді де жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысы осындай пробациялық үлгідегі жобаны қоныс колониясында жазасын өтеп жатқандарға  да қолдануды ұсынды. Яғни, пробация үйінің аясын кеңейтіп, сотталғандарға  әлеуметтік қолдау танытуды көздейді. . 

Жиын соңында облыс прокуроры осы жобаға белсене ат салысқан мемлекеттік орган өкілдерін марапаттады.

Ұлағат арғынұлы, Аманжол Айтмағамбетов

Тақырып бойынша материалдар

Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтуде
12:57, 20 қазан 2017
Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтуде
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Инвестициялық форум аясында панельдік сессиялар өтті
20:06, 13 қазан 2017
Инвестициялық форум аясында панельдік сессиялар өтті
Толығырақ...
Ақтөбелік өнерпаз "Музарт  live" Республикалық жобасына қатысты
17:17, 16 қазан 2017
Ақтөбелік өнерпаз "Музарт live" Республикалық жобасына қаты...
Толығырақ...