ШҰҒЫЛ! МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМДЫ Толығырақ

Республика бойынша алғаш рет Ақтөбеде

16:33, 4 қазан 2017

Ақтөбеде  алғаш рет рельс комиссиясының  отырысы өтіп жатыр

Қазақстанда, оның ішінде Ақтөбеде  алғаш рет рельс комиссиясының отырысы өтті. Коммерциялық емес әріптестердің теміржол саласындағы әлемдік бірлестігі 100 жылдан бері жұмыс жасайды. Комиссияның 133-ші кеңесіне рельс өндірушілер және оны пайдаланатын компаниялар қатысуда.

Ақтөбе рельс арқалық зауыты баламасы жоқ ең заманауи қондырғылармен жабдықталған бірегей кәсіпорын. Ақтөбеде шығарылған рельстер бүгінде  алыс-жақын шетел нарығына жіберілуде. Енді зауыт өнімін Өзбекстан,  Әзірбайжан, Түркменстанға экспорттау мәселелері шешіліп жатыр. Ақтөбе зауытының табысты дамуы рельс комиссиясының отырысында талқыланды. Комиссия отырысы жыл сайын 1883-ші жылдан бері, яғни теміржол пайда болғаннан бері әр елде өткізіліп келеді.

Рельс комиссиясының құрамына рельс шығаратын ірі кәсіпорындар мен «Қазақстан темір жолы», «Ресей теміржолдары» сынды компаниялар кіреді. Отырысқа металлургия институтының ғылыми қызметкерлері мен жалпы металл өндірісінде мол тәжірибесі бар мамандар қатысып жатыр. Қаралған маңызды мәселененің  бірі- өнім сапасы мен қауіпсіздік.

АНДРЕЙ  ЛИСИЦЫН, "РЕСЕЙ ТЕМІРЖОЛДАРЫ" ААҚ  ЖОЛ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС ИНЖЕНЕРІ

- Біз бүгін әріптестерімізбен  рельс шығару барысындағы, оны пайдаланудағы тәжірибемізбен бөліспекшіміз. Осының негізінде өнімнің сапасы мен оны пайдалану технологиясын  жетілдіру жолдарын қарастырамыз.    Жалпы теміржол саласын дамыту үшін өнім сапасы алдыңғы орында. Алда тұрған міндеттердің бірі- жылдамдықты арттыру, жоғарыжылдамдықты магистральді  іске қосу

Шараның жоспарында Ақтөбе рельс арқалық зауытына бару қаралған. Онда рельс комиссиясының мүшелері өнім өндірудің технологиясымен таныспақшы.

Венера Серғазина

Тақырып бойынша материалдар

 "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ СӘН КӨРСЕТІЛІМІ
18:59, 16 қазан 2018
"АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ СӘН КӨРСЕТІЛІМІ
Толығырақ...
ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ОРТАЛЫҒЫ - "ЕХРО-2017" КӨРМЕСІНІҢ ЖЕМІСІ
18:44, 16 қазан 2018
ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ОРТАЛЫҒЫ - "ЕХРО-2017" КӨРМЕСІНІҢ ЖЕМІСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар