ШҰҒЫЛ! Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді Толығырақ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ

20:24, 15 наурыз 2019

Ақтөбеде бүгін жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық олимпиада басталды. Бұдан бұрын оқушылардың мұндай көлемді білім додасы бізде 7 жыл бұрын болған еді. Бұл жолы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 5 күн бойы өтеді. Оған еліміздің барлық аймағынан 832 оқушы келді.

Елдің ертеңін сеніп тапсыратын білімді, білікті, технологияның тілін білген маманды тәрбиелеп, ғылымның әлеуетін көтеру - заман талабы. Бүгінгі  олимпиаданың басты мақсаты осы. Оған қатысу үшін Ақтөбеге келген өрендерге облыс әкімінің орынбасары Марат Тоғжанов сәттілік тіледі. 

Республикалық олимпиаданың мектеп аралық кезеңіне миллионға жуық оқушы қатысса, аудан деңгейінде 130 мың үміткер бақ сынаған. 

Білім бәйгесіне аймақтың 6 мектебінен 55 оқуышы қатысып отыр. Солардың ішінде Меруерт те бар. Облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының 9-шы сыныбында оқитын ол  мұндай айтулы додаға алғаш рет қатысып отыр.

Олимпиада 20-наурыз күні қортындыланады. Ал осы сайыстың гуманитарлық бағытындағы кезеңін 25-30-наурыз күндері қызылордада өткізу жоспарланған. Оған ақтөбе облысынан 27 оқушы қатысады. 

АЗАМАТ ӘБІЛҚАЙЫР

Тақырып бойынша материалдар

Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді
15:24, 23 наурыз 2019
Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді
Толығырақ...
12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА  БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
19:20, 22 наурыз 2019
12 МЫҢ ЛИТР НАУРЫЗ КӨЖЕ, 10 ТОННА БАУЫРСАҚ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
17:31, 18 наурыз 2019
БАСТЫ МАҚСАТ - ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУ
Толығырақ...