ШҰҒЫЛ! ОБЛЫСТА ҚЫЛМЫС 15 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ Толығырақ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ

17:25, 15 сәуір 2019

Үстел теннисінен қаламызда алғаш рет өткен «AQTÓBE - 2019»  республикалық турнирі өз мәресіне жетті. 3 күнге созылған дүбірлі жарысқа елімізден бөлек, көршілес мемлекеттерден  600-ге жуық  кәсіби және әуесқой спортшылар бақ сынады.  Мақсат- осы спорт түрінен әлем чемпионаттарына қатысатын үздіктерді анықтау, бұқаралық спортты дамыту. 
 

Былтыр Елордада өткен жарыс, биыл тұңғыш рет Ақтөбеде ұйымдастырылды.  Ел чемпионатына қатысқан спортшылар өзара  мықтыны анықтады. Олардың қатарында  үстел теннисінен Ұлттық құрама үздіктері мен спорт шеберлері де бар. 

Үстел теннисі адамды қимылды басқаруға үйретеді, жылдамдық пен ептілікті дамытып, зейінді арттырады. Сондықтан болар, қазіргі таңда спорттың бұл түріне әсіресе жастардың қызығушылығы жоғары,-дейді ұйымдастырушылар. Айта кету керек, турнирдің жүлде қоры - 1 млн теңге. 

Сайыс тартысты әрі қызықты өтті. Әсіресе, бас жүлдеге таласқан ресейлік қос спортшының ойыны көпшілікті сүйсінтті.

Жарыс нәтижесіне келсек,  жекелей сында РФ Орынбор қаласынан келген  Илья Березин 1-орын алып жарыс жеңімпазы атанды.  2-орынды дәл осы қаладан  Руслан  Әлшімбаев иеленсе, Елорданың және Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының спортшылары үздік үштікті түйіндеді. Жүзден жүйрік шыққан жеңімпаздарды облыс әкімі Оңдасын Оразалин арнайы келіп құттықтап, жүлделерін табыстады. 
 

Ақтөбе қаласының 150 жылдығын мен жастар жылына орай өткізілген республикалық турнирдің бас демеушісі - «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» Акционерлік қоғамы.
АЗАМАТ ӘБІЛҚАЙЫР

Тақырып бойынша материалдар

ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ
22:06, 20 маусым 2019
ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫ
Толығырақ...
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
21:49, 20 маусым 2019
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Толығырақ...
ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ СУАРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
21:41, 20 маусым 2019
ЖАСЫЛ ЖЕЛЕКТІ СУАРУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар