ШҰҒЫЛ! МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ СУҒА КЕТІП КӨЗ ЖҰМДЫ Толығырақ

С. СМАҚОВ ҚЫРКҮЙЕКТЕ ФУТБОЛ АЛАҢЫНА СОҢҒЫ РЕТ ШЫҒАДЫ

16:14, 9 тамыз 2018

«Ақтөбе» футбол клубының бас директоры Самат Смаков спорттағы карьерасын қыркүйекте аяқтайды. Халықаралық жолдастық кездесуден түскен қаржы қайырымдылыққа беріледі. «Ақтөбе» футбол клубының атақ-абыройын қайтарып, еліміздің үздіктері қатарына қосу үшін күш салып жүрген Самат Смақов 2 қыркүйек күні спорттағы карьерасын тәмәдайтын болды. Халықаралық жолдастық кездесу «Ақтөбе» ардагерлері мен «Смақовтың достары» командалары арасында өтеді. «Жолдастық кездесуге Қазақстан және шетел футболшылары қатысады. Олардың арасында Эмиль Кенжесариев, Андрей Сидельников, Марат Хайруллин, Қайрат Әшірбеков, Мұрат Тілешов, Дмитрий Юрист секілді ойыншылар бар. Билет бағасы - 300 теңге. Түскен қаржының бәрі қайырымдылыққа жұмсалады»,- деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі. Айта кетейік, жолдастық кездесуді тамашалауға саясаткерлер мен Қазақстан футбол клубтарының басшылары, жаттықтырушылары мен футбол мамандары, «Астана KZ» және «Спарта» көңілді тапқырлар клубының әзілкештері қатысады.

 

Тақырып бойынша материалдар

 "АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ СӘН КӨРСЕТІЛІМІ
18:59, 16 қазан 2018
"АНАҒА ТАҒЗЫМ" ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ СӘН КӨРСЕТІЛІМІ
Толығырақ...
ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ОРТАЛЫҒЫ - "ЕХРО-2017" КӨРМЕСІНІҢ ЖЕМІСІ
18:44, 16 қазан 2018
ЭНЕРГОТИІМДІЛІК ОРТАЛЫҒЫ - "ЕХРО-2017" КӨРМЕСІНІҢ ЖЕМІСІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар