ШҰҒЫЛ! ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЕНГІЗІЛЕ БАСТАЙДЫ Толығырақ

САБАҚ КЕСТЕСІНЕ ЖАҢА ПӘН ЕНГІЗІЛДІ

19:21, 19 тамыз 2019

Жаңа оқу жылынан бастап жоғары класс оқушыларына кәсіпкерлік саласы бойынша дәріс беріледі. Қазір өңірде 200-ге жуық мұғалім бизнес негіздерін үйреніп жатыр. мұндай бастаманы  "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлік палатасы көтерген болатын.  Білім және ғылым министрлігінің тарапынан қолдау тапқан "Кәсіпкерлік және бизнес" негіздері пәні  колледж, жоғары оқу орындарында да оқытылады. Бүгін 100 шақты мектеп, 50-ге жуық колледж және 30-ға тарта жоғары оқу орнының мұғалімдері 10 күндік оқыту курсын бастады. Бизнес тренерлер оларға "Кәсіпкерлік және бизнес" негіздері пәнінің қыр-сырын үйретуде. Теориялық, практикалық дәрістерді меңгеріп жатқан тәлімгерлер онлайн режімде де білім алуда. Белгілі кәсіпкерлердің тәжірибесі алдағы уақытта мол азық болмақ."Кәсіпкерлік негіздері" - жай ғана пән емес, ол Қазақстандағы кәсіпкерлік, бизнес туралы сауаттылықты арттыруға мүмкіндік беретін жүйе",- дейді бизнес мамандар. Мектепте бұл пән аптасына 2 рет оқытылады. Бір оқу жылына негізделген 68 сабақтың 30 пайызы теорияға, 70 пайызы практикаға бағытталған. Онда теориялық зерттеулер, ойын түріндегі тәжірибе сабақтары өтеді. Идея ақтөбелік ұстаздардың зор қолдауына ие.  Ұстаздарды оқыту курсы екі кезеңде өтеді. Олардың алғашқы легі оқуды 29-шы тамызда аяқтайды. Екінші кезең 2-ші қыркүйекте басталады.

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
21:37, 18 қыркүйек 2019
МЫҢҒА ЖУЫҚ АҚТӨБЕЛІК ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
19:52, 13 қыркүйек 2019
ҚАРАПАЙЫМ ЗАТТАР ЭКОНОМИКАСЫ - МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫ
Толығырақ...
ТЕЛЕАКАДЕМИЯ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ
15:35, 13 қыркүйек 2019
ТЕЛЕАКАДЕМИЯ ТАЛАНТТЫ БАЛАЛАРДЫ ШАҚЫРАДЫ
Толығырақ...