ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 17 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

САЙЛАУ-2021: МӘЖІЛІСКЕ ҮШ ПАРТИЯ ӨТТІ

20:00, 12 қаңтар 2021

Парламенттің 7-ші шақырылымына үш саяси партия өтті. Олар: «Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы және «Қазақстан халық партиясы». Жеңіске жеткен саяси ұйымдар енді, өз арасынан мәжіліске отыруға лайықты тұлғалардың тізімін анықтауы тиіс.

Елімізде кезекті саяси науқан мәресіне жетті. 7 пайыз межені бағындырған жеңімпаз үшеу. ОСК мәліметіне сай: ГРАФИКА: «Нұр Отан»  айқын жеңіске жетіп, 76 орынды иеленді. «Ақ жолдықтар» 12 мандатқа ие болса, «Қазақстан халық партиясы» 10 орынды місе тұтпақ. Төменгі палатада ұзын саны 107 депутат бар. Оның 98-інің аты-жөнін осы үш партия өздері ұсынады. 

КОНСТАНТИН ПЕТРОВ, ҚР ОСК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ    
 Депутаттық мандаттарды бөлу ретін саяси партияның басқарушы органы - сайлау туралы заңға сай партиялық тізімге енген кандидаттардың арасынан сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап, 10 күннен кешіктірмей ұсынады. Қандай да бір себеппен, партия тізім ұсынбаған жағдайда ОСК қаулысымен мандаттарды бөлу мемлекеттік тілдің әліпби ретімен тіркелген тізіміне сай жүзеге асады. 

 Демек, алдағы 10 күнде сайланған халық қалаулыларының аты жөні анықталады. Айта кетейік, сайлау учаскелеріне ел бойынша 7,5 млннан астам адам келіп, таңдау жасаған. Бұл электораттың 63 пайызы. 

 БЕРІК ИМАШЕВ, ҚР ОСК ТӨРАҒАСЫ  Бүгін біз елде соңғы үш айға созылған сайлау науқанын аяқтадық. Барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленген Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу туралы Президент Жарлығының орындалуын қамтасыз етті. Сайлаудың соңғы қорытындылары шығарылды, депутаттар сайланды.

 Қорытынды шықты. Мандат бөлінді. Ел дамуының ертеңгі жауапкершігі енді төменгі палатаның жаңа құрамына жүктеледі.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АҚПАН АЙЫНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ БАСТАЛАДЫ
13:00, 19 қаңтар 2021
АҚПАН АЙЫНДА КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯ БАСТАЛАДЫ
Толығырақ...
ЦЕНТР КРЕДИТ БАНКІ "ЕР ҚАРМЫС" КІТАБЫНЫҢ ДЕМЕУШІСІ
16:20, 18 қаңтар 2021
ЦЕНТР КРЕДИТ БАНКІ "ЕР ҚАРМЫС" КІТАБЫНЫҢ ДЕМЕУШІСІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГІСІ КЕЛЕТІНДЕР КӨП
20:00, 19 қаңтар 2021
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРГІСІ КЕЛЕТІНДЕР КӨП
Толығырақ...