ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

САҚТАНДЫРУ СТАТУСЫҢЫЗДЫ АНЫҚТАДЫҢЫЗ БА?

19:58, 19 қараша 2019

Бір жарым айдан соң елімізде міндетті сақтандыру жүйесі қолданысқа енеді. Кез келген адам өз мәртебесін денсаулық сақтау министрлігінің порталынан немесе емханадан біле алады. Ал тіркелмегендер үшін келер жылы кейбір медициналық қызмет ақылы болмақ. Ақтөбе облысының жаңа жүйеге дайындығын тілшіміз айтып береді. Тұрғындардың әрқайсысында медициналық сақтандыру статусы болуы шарт. Бүгінде ақтөбеліктердің 97 пайызы өз мәртебесін анықтаған. Қиындық тудыратыны - жеке компания қызметкерлері мен өз-өзін жұмыспен қамтып отырған азаматтар.

Медициналық сақтандыру қорына ақша аудармаған азамат тек тегін кепілдендірілген пакетті қолдана алады.

Соңғы уақытта медициналық қызметтің сапасына шағым көп. Енді "М-вотер " қосымшасын жүктеп, қызметті бағалауға болады. Дәрігерлер туралы пікір қалдыру бөлімі де бар.

Адамға қандай да бір сырқат бойынша диагноз қойылып, оған медициналық көмек қажет болды делік. Егер ол сақтандырылмаса, тек учаскелік дәрігерге қаралып, жедел жәрдем шақыра алады. Шұғыл стационарлық ем көрсетіліп, әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша дертіне шипа іздейді. Ал МӘМС пакеті бойынша берілетін медициналық көмек түрлері тек сақтандырылған азаматтарға ғана қолжетімді. Егер сіз өзіңіздің сақтандыру мәртебеңізді анықтаған болсаңыз, 2020 жылдан бастап өзіңізге қажетті барлық медициналық қызмет спектрін ала аласыз.

 

Жанар Датқызы

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

19:38, 5 желтоқсан 2019
ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ПӘНДІК ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13:37, 9 желтоқсан 2019
НАГРАЖДЕНЫ ПОБЕДИТЕЛИ КОНКУРСА СОЧИНЕНИЙ ПО ПОСЛАНИЮ...
Толығырақ...
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
21:30, 4 желтоқсан 2019
ЖАУАПСЫЗ БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН БОСАТЫЛАДЫ
Толығырақ...