ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

САРЫҚОБДА МЕН БОЛГАРКА АУЫЛДАРЫНА ГАЗ ҚҰБЫРЫ ТАРТЫЛАДЫ

18:49, 10 қаңтар 2020

Алға ауданының тұрғындары дәрігерге зәру. Әсіресе шалғай ауылдарға ақ халаттылар жетіспейді. Аудан басшылығы бұл түйткілді "Дипломмен ауылға" бағдарламасы арқылы шешпек. Сенат депутаттарымен кездесуде жол мен газ мәселесі де қозғалды. 66 жастағы Жаңбырбай Кусакаев 20 жылдан бері Қарақобда ауылында тұрады. Екі рет жүрек талмасы ұстаған ол депутаттардан дәрігер мәселесін шешуді сұрады. Кардиолог пен урологқа қарала алмай отыр. Ауыл терапевті қаладағы кеңес беру диагностикалық орталығына жолдама берген. Алайда шаһар дәрігерлері зейнеткерді қабылдамапты. Алға ауданына 8 дәрігер жетіспейді. Олар-кардиолог, уролог, гинеколог, педиатор мен жалпы тәжірибедегі дәрігер. Жергілікті әкімдік ауылға келемін деген жас мамандарға 4 пәтер әзірлеп қойған. Көтерме ақы төлеуге де дайын. Ауданда байланыс аясынан тыс жердегі ауылдар бар. Мәселен, Қарақобда, Сарықобда халқы әлі күнге дейін ұялы телефонмен хабарласа алмайды. Депутаттар ел ішіне кең таныс байланыс жүйесіне хат жолдауға уәде берді. Ал ескірген ғимараттарды жөндеу, жол салу үшін дербес бюджетті қолдану қажет. Елдімекен тұрғындары оны өздері басқаруға құқылы. Ал Тікқайың ауылында 100-ден астам үй бар. Басты мәселе - мектеп.  Мұндағы білім ордасы жарты ғасыр бұрын салынған. Сылағы кетіп, қирағалы тұр. Ескі ғимарат қатты отынмен жылытылады. Сенаторлар келген кезде мектептің 2021 жылы салынатыны белгілі болды. Бұл ауылда кәсіпкердің мәселесі өткір көтерілді.  Айнагүл Будусованы темірбетон өнімдерін шығаратын зауыт алдап кеткен. Сапасыз цемент сатыпты. Соттың шешімі бар. Алайда "ЖБИ-16" компаниясы шығынды өтемеген. Енді бұл мәселемен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы айналысуы тиіс. Депутаттар былтыр күрделі жөндеуден өткен Үшқұдық мәдениет үйін аралады. Мұнда коворкинг орталығы, кітапхана, шахмат, дойбы, бокс секциялары бар. Өнер ұжымдары да осында отырады. 230 орындық ғимаратты жаңғырту үшін 78 млн теңге бөлінген. Алайда маман аз. Ауыл әкімшілігі жастарды жұмысқа қабылдап, барлық жағдайын жасауға дайын. 21 жастағы Қалдыбике Жанұзақ жастар тәжірибесі бағдарламасы арқылы Мәдениет үйіне жұмысқа тұрған. Балаларды қолөнер шеберлігіне үйретеді. Әдіскер осында тұрақтамақ. Баспана бар, айлығы да жақсы.
ҚАЛДЫБИКЕ ЖАНҰЗАҚ
ҮШҚҰДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ӘДІСКЕРІ
Алға ауданының тұрғындары ауылдың көркейгенін көргісі келеді. Елді мекендерге көгілдір отын, балаларға су жаңа білім ғимараттары мен сапалы медициналық мекемелердің салынғанын қалайды. Көше жолдарын асфальттап, интернетке қол жеткізу де арман. Қарақобдалықтар мен Болгарка тұрғындары да осыны айтты. 
Алға ауданы тұрғындарының 91,5 пайызы көгілдір отынмен қамтылған. Жылдың соңына дейін Сарықобда, Қарақобда, Тікқайың, Аменгелді мен Болгаркаға газ жіберілмек. Маржанбұлақ, Бестамақ, Бесқоспа мен Тамды ауылдарына жол салу жоспарланып отыр. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖДЕР ДЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ ЕНГІЗУІ ТИІС
23:28, 21 ақпан 2020
КОЛЛЕДЖДЕР ДЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ ЕНГІЗУІ ТИІС
Толығырақ...