ШҰҒЫЛ! #САУЛЫҚСАҚТЫҚТА Толығырақ

САРЫСАЙДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ

17:22, 30 қазан 2020

 Хромтау ауданындағы Сарысай ауылында емдеу мекемесі ашылды. Бұған дейін бірнеше орын ауыстырған дәрігерлер енді жаңа нысанда халық денсаулығын нықтайды. Құрылыс мемлекеттік бағдарлама аясында жүргізілді. Жұмыссыз ауыл тұрғындары еңбекке араласты. Жаз бойы төккен тердің бүгінгі жемісі туралы тілші тарқатады. 
Басты байлық - денсаулық. Індет кезінде мұны әр адам жан-тәнімен түсінді. Өңірде осы саланың материалдық - техникалық базасын нығайту мақсатында біраз жұмыс атқарылды. Тек облыс орталығында емес, аудан, ауылда жаңа нысандар салынып жатыр. Соның  бірі Хромтау ауданы, Сарысай ауылында бой көтерді. 
АСХАТ ӘЛІМЖАНОВ
АУДАНДЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ 
 Жаңа ғимарат құрылысы "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында жүргізілді. Барлығы 30 адамға шақталған. Құрылыс жұмыстарына қазынадан 51 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды. Мұнда жергілікті 8 тұрғын жұмыс істеді. 
Басы ауырып, балтыры сыздағандарға мейірбике көмектеседі. Қажет кезде аудан дәрігерлері де кесте бойынша  қабылдау өткізеді. 
Айта кетейік, Қызылсу ауылдық округіне екі елдімекен қарайды. Барлығы 800-ден астам тұрғын бар. Қызылсу - аудандағы қарқынды дамып келе жатқан ауылдардың бірі. Келер жылы «Ауыл -ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы арқылы ауылдың ішкі жолдарына жөндеу жұмыстарың жүргізу жоспарланған. Сондай-ақ  демеушілер мәдениет үйін жөндеп береді. 

Тақырып бойынша материалдар

17 МЫҢ АДАМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ІЛІНГЕН
20:00, 27 қараша 2020
17 МЫҢ АДАМ ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫҒЫНА ІЛІНГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
20:00, 26 қараша 2020
АУЫР САЛМАҚТЫ ЖҮК КӨЛІКТЕРІ САЛДАРЫНАН ЖОЛДАР БҮЛІНІП ЖАТЫР
Толығырақ...
ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
16:20, 23 қараша 2020
ТЕЛЕАРНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...