
Коронавирус инфекциясы еліміздің өзге өңірлерінде қайта бас көтере бастады. Ақтөбеде эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Індеттің таралу қаупі бойынша біздің облыс "жасыл белдеуде" тұр. Дегенмен тоқмейілсуге болмайды. Вирустан түбегейлі құтылмайынша, санитарлық-сақтық шараларын қаперде ұстау маңызды. Дәрігерлер індеттің алдын алуға шақырады.