ШҰҒЫЛ! БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

САЯБАҚТАҒЫ ШАРАЛАР

18:41, 1 мамыр 2019

Бірлік күніне арналған мерекелік шаралар Тұңғыш Президент атындағы саябақта да өтті. Мұнда ұйымдастырылған қол өнер шеберлерінің көрмесі ақтөбеліктердің назарын аударды. Түрлі түске боялған киізден, теріден жасалған бұйымдар, көздің жауын алатын моншақтар - келушілердің қызығушылығын туғызды. Талғаммен жасалған шеберлердің бұйымдарын аймақ басшысы бастаған мемлекеттік қызметшілер де тамашалады.   

ЕВГЕНИЯ МАТВИЕЦ / ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ

- Біз теріден түрлі бұйымдар жасаймыз. Бұл істі қолға алғанымызға көп бола қойған жоқ. Бірақ, көпшіліктің сұранысы бар. Бірі былғары теріден әмиянды қаласа, енді бірі кілттер немесе құжаттар салуға арналған қалта тігуімізді өтінеді. Ал, мұндай көрме жұмысы ісімізді көпшілікке танытуға мол мүмкіндік береді.

Осы саябақта "жарысайық бәріміз" спорттық шарасы кең көлемде өтті. Ақтөбеліктер асық атып, қазақша күресте белдесті. Арқан тартысты. Боксшы қолғабын киіп, жұдырықтасқандары да болды. Каратэ өнері де көпшіліктің назарын аударды. Алаңға келген Ақтөбенің үлкен-кішісі ізгі тілектерін жеткізді.

Мәдениет мекемелерінің концерттік бағдарламасы да келушілердің көңілін көтерді. Шара соңы, әр халықтың ұлттық тағамдары қойылған көрмеге ұласты.

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

КОЛЛЕДЖДЕР ДЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ ЕНГІЗУІ ТИІС
23:28, 21 ақпан 2020
КОЛЛЕДЖДЕР ДЕ ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫ ЕНГІЗУІ ТИІС
Толығырақ...