ШҰҒЫЛ! ВЕЛОСИПЕД ҰРЛЫҒЫ КӨБЕЙГЕН Толығырақ

САЯБАҚТАҒЫ ТАЛ-ТЕРЕКТЕР НЕ ҮШІН КЕСІЛДІ?

19:37, 15 мамыр 2019

"Астана" саябағының маңындағы ағаштарды кесемін деп  биліктің басы дауға қалды. Тал-теректер өз алдына, жуырда егілген шыршалардың  күйі аянышты дейді табиғат жанашырлары. Мердігерлердің әрекетін  жергілікті билік өкілдері де, орманшылар да құптамайды. Алайда, бүгін журналистермен  кездескен қала әкімі Ілияс Испанов қарағаштардың не себепті қырқылып жатқанын түсіндіріп берді. 

Саябақтағы бұл қарағаштар өткен ғасырдың 50-60 жылдары отырғызылған. Орманшылардың айтуынша, олардың орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 60 жыл. Сондықтан, қартайған ағаштарды қаншалықты жақсы  баптаса да, олардың декоративтік сапасы төмендемесе артпайды. Сол себепті оларға күтім жасаудың бірден бір жолы- жүйелі қырқып отыру дейді ғалымдар.

Ия, бір қарағанда сұрықсыз көрініс.  Дегенмен, жапырағы сиреген қарағаштар үшін бұл - жасарту процесі болып саналады.  Кәрі тал-теректерді кеспесе, оның бұтақтарында  зиянкестер пайда болады екен.

МҰРАТ ӨТЕШҚАЛИЕВ /ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Қала-орман емес, жасанды тіршілік алаңы.  Көп ұзамай бұл жерде әдемі гүлзарлар мен саялы сабақ бой көтереді.

ІЛИЯС ИСПАНОВ /АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

-Қала сыртындағы «Ақтөбе» су қоймасынан құбыр тартылып, су жүйесі жүргізіліп жатыр. Орталықтағы бірнеше саябақ пен гүлзарлар осы жүйе арқылы суарылады. Көшеттерді егіп, оларды күтіп ұстауды өзі үлкен жұмыс. Ал, қаржыландыруға келсек, биыл қураған ағаштарды қырқуға қазынадан 30 млн теңге бөлінді. Жаңадан тал-теректерді егуге 60 млн теңге қарастырылып отыр.

Ал жаңадан отырғызылған қылқанжапырақтылардың күйі мәз емес. "Ақтөбе Дыши" қауымдастығының еріктілері  шыршыларды еккен мердігерді сұрақтың астына алды.  Жасыл желектердің кейбіреулері  топыраққа ілініп қана тұр. Жауапты компания өкілдері бұл әрекеттерін  Ақтөбенің ауа-райымен байланыстыруға тырысты.

ДМИТРИЙ КОЛТЫРЕВ /МЕРДІГЕР

- Желдің жылдамдығы  15-20 метр/секундқа дейін жетіп тұр. Ағаштарды құлатып кетіп жатыр. Суару жүйесін реттеп болған соң, жерге тыңайтқыштар себеміз. Негізі бұл шыршалар Қазан қаласынан әкелді, Ақтөбенің табиғатын жатырқамауы керек

 Орман шаруашылығы мамандарының сөзінше, саябақтың топырағы құнарсыз.  Жас көшеттер жайқалып өсу үшін алдымен қара топырақ төгіп, жерді минералды таңайтқыштармен өңдеген  жөн.

Гүлдана Абайқызы, 

Тақырып бойынша материалдар

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:32, 24 мамыр 2019
МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21:50, 21 мамыр 2019
ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...