ШҰҒЫЛ! БИЫЛ 21 АҚТӨБЕЛІК ЖИТС ЖҰҚТЫРҒАН Толығырақ

"САЯЖАЙ" ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТУДЕ

17:22, 15 мамыр 2019

Ұрлық, заңсыз кәсіпкерлік, тіпті жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілерінің көпшілігші саяжайларда тіркеледі. Өңірдегі  қылмыстық ахуалға  талдау жасаған полицейлер осылай дейді. Бүгін олар бау-бақша ұжымдарын  тексеріп шықты. Гүлдана Абайқызы. 
Учаскелік полиция инспекторлары өз аумағына тиесілі  әрбір үйдің есігін қағып, отбасы мүшелері туралы анықтама жинайды.   Бәлкім, олардың арасында сотталған немесе жауапкершіліктен жалтарып,  іздеуде жүрген азаматтар болар. Мүмкін, ішімдікке сылқия тойып, жұрттың дегбірін қашыратын көршілер тұрып жатқан шығар.  Мәселен, мына азаматтың жеке куәлігі жоқ. 3 жылдан бері құжатсыз жүрген ол, енді 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. 
Іс-шара басталған 10 күннің ішінде жергілікті полиция қызметі 116 саяжай ұжымына қарасты 2000-ға жуық үйді  аралап шыққан. Рейд кезінде заңсыз көлік жөндеу орындарын ашқан бірнеше адам анықталған. Әсіресе, ұрлық-қарлық  дерегі көп дейді тәртіп сақшылары.  Тіпті өгей әке-шешесінен зәбір көрген және  жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған жасөсіпірімдер де тіркеліпті.  
"Саяжай" жедел алдын алу шарасы мамыр айының 19-на дейін жалғасады. Полицейлер акция аясында   аймақтағы 400-ге тарта бау-бақша ұжымын түгел текусеріп шығамыз деп отыр. 
Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар