ШҰҒЫЛ! Ақтөбеде төртінші рет аттестациядан өтпеген мектептер бар Толығырақ

Сазды ауылдық округінің мерекелік фестивалі

18:46, 17 шілде 2017

"Туған жерім - Нұрлы елім" акциясы аясында Ақтөбе қаласы мен ауылдық округтерінің де фестивалі өтуде.

Демалыс күндері Сазды ауылдық округінің өкілдері мерекелі бағдарлама ұйымдастырды. Фестиваль аясында ауыл кәсіпкерлері өз өнімдерін көрмеге шығарды. Мерекеге келген ақтөбеліктер спорттық жарыстарға қатысты. Сазды ауылдық округі серпінді дамып жатқан елді мекеннің бірі. Кәсіпкерліктің дамуына жіті көңіл бөлінген. Мұнда ешкі сүті өңделіп, газ блоктарын шығаратын кәсіпорын жұмыс істейді. Химиялық өндіріс те ілгері басқан. Округте сондай-ақ, түрлі қоспаларды шығаратын цех бар. Күніне 600 қап өнім тұтынушыларға жеткізіліп  отырады. Фестивальге келушілер алаңда тігілген киіз үйлерге кіріп, ұлттық тағамдардан дәм татып, жергілікті қолөнершілердің жасаған кәдесыйларын алды. Шараға қаланың құрметті азаматтары шақырылған. Олар округтің дамуы жайында ой білдірді. Мереке қонақтары ашық аспан астындағы кітап көрмесін аралап, тазы және төбеттермен суретке түсті.  Сонымен бірге, қазақша күрес және арқан тартыс ойындарынан жарыс ұйымдастырылды. Қол күресі, және гір спортынан үздік деп танылғандарға сыйға берілді. Мерекелік бағдарламаның соңында ақтөбеліктер цирк әртістерінің, шығармашылық ұжымдар мен әнші-домбырашылардың өнерін тамашалады.

Гүлбағда Қайратқызы, Мержан Аманжолов 

 

Тақырып бойынша материалдар

Шаһар басшысы Қурайлы ауылының тұрғындарымен кездесті
18:37, 20 қыркүйек 2017
Шаһар басшысы Қурайлы ауылының тұрғындарымен кездесті
Толығырақ...
Ақтөбелік белсенділер Елордаға барады
18:01, 20 қыркүйек 2017
Ақтөбелік белсенділер Елордаға барады
Толығырақ...
Шағын және орта бизнес нысандарын тексеру азайды
17:20, 20 қыркүйек 2017
Шағын және орта бизнес нысандарын тексеру азайды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілі үшін жасалған игі қадам
19:34, 14 қыркүйек 2017
Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілі үшін жасалған игі қадам
Толығырақ...
Ұлағатты ұстаздың құрметіне ескерткіш тақта ілінді
18:48, 15 қыркүйек 2017
Ұлағатты ұстаздың құрметіне ескерткіш тақта ілінді
Толығырақ...
Қыздар арасында футболдан фестиваль өтті
16:45, 14 қыркүйек 2017
Қыздар арасында футболдан фестиваль өтті
Толығырақ...